
Өңіріміздің өнерпазы Дмитрий Камарницкий әлемдің ең үздік концсерваторияларының біріне жолдама алды. Әнші өнер жолын Екібастұз қаалсында бастаған. Бүгін де сол қалады өнерін шыңдауда.
Дмитрий Комарницкий оқушы кезінен өнерге жақын болды. Өзі туған қалада жастайынан шыңдала түсті. Ән айтуды, музыкалық қабілетін арттыруды әр кез тоқтатпаған. Оқушы кезінде-ақ, шығармашылық жолын бастап кеткен.
Дмитрий Комарницкий, әнші:
Менің шығармашылық жолым «Арман» вокалдық тобымен басталды. Мен ол жерде өзімнің ұстазым Мәргүл Гумарованы жолықтырдым. «Арман» ұжымы эстрада бағытында жұмыс істесе де, ұстазымыз жалпы музыка әлемін бізге түсіндіре білді.
Кейін қазақ ұлттық өнер университетінде білім алды. Әр түрлі ұстаздардың алдына өтіп, өнерін біліммен ұштастырды. Биыл Дмитрий Камарницский Италияның елінде әлем бойынша ең үздік консерваториялардың біріне оқуға түсті.
Дмитрий Комарницкий, әнші:
Былтыр да талынып көрдім. Бірақ, конкурс өте жоғары деңгейде өтіп, мен жолдама ала алмадым. Сағымды сындырмай бір жыл қайтадан дайындалдым. Вокалдық және теориялық тұрғыдан өзімді шыңдадым. Тізімнің ішінен өзімді көрген кезде қатты қуандым.
Дмитрий Италия консерваториясына биыл жолдама алған жалғыз қазақстандық. Ол жақта өнердің шыңына шығып, әлемдік сахнада ән салуды мақсат тұтады.
Жанасыл Серікбол