ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Бірлік мерекесі тойланды

23:11, 3 мамыр 2022

Аққулы ауданында мерекеге орай бәйге жарысып, балуан күресті. Тоғызқұмалықшылар да сайысқа түсіп өзара мықтыны анықтады. Арқан тарту, гір көтеу сайыстары да тартысты өтті.

Мереке аясында Қарақала ауылындағы Потанин мектебіне тоғызқұмалақшылар жиналды. Бұл сайысқа Павлодар облысының қала аудандарынан жас зияткерлер келген. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне орай топтарға бөлініп, өзара ой жүйрігін анықтауға кірісті. Араларында жетістіктерге жетіп жүрген оқушылар да бар.

Динара осипова, Б. Момышұлы атындағы №22 мектеп оқушысы:

Мен тоғызқұмалақ ойынын 2016-жылдан бастап ойнап жүрмін. Бірінші мектептен бастағанмын. Сосын дом шахматта ойнап жүрмін қазір. Жиі қатысамын. Жетістіктерім көп. Бірінші дәрежелі спортшымын.

Азамат Халел, Потанин атындағы ЖОББМ оқушысы:

Маған тоғызқмалақ ұнайды. Себебі, ойымызды жақсартымз және логикамызды үлкейтеміз.

Ал, Қарақала ауылының маңында мерекелік шараның негізі бөлігі ұйымастырылды. Сахна төрінде өнерпаздар әуелете ән салып жатты. Ел ақсақалдары бірлік күннің мәні мен мағынасын айтып, өнегелі сөз айтты.

Тоқсанбай Жалмағамбетов, Қарақала ауылының тұрғыны:

Мың өліп, мың тірілген қазақпыз ғой. Осының бәрі бірліктің арқасныда келді ағайындар.

Жиналған жұрт алдымен ауыл командаларынан құралған арқан тарту сайысының куәсі болды. Әр ауылдың жастары мен аға буын өкілдері сайысқа білек түре қатысты. Тартыс бәсекеде Шегірен ауылының командасы жеңске жетті.

Ерлан Сыздықов, Шегірен ауылының тұрғыны:

Біздің команда күреске қатысатын спортшылар. Айттаыңыз қабыл болсын!

Меркелік шара әрмен қарай қолкүресу, гір көтеруге ұласты. Бұнда да білектілер ортаға шығып, мықтылықтарын көрсете білді.

Ал, қазақша күрестің қызығы тіптен бөлек, боз кілемге шыққан балуандар күрес өнерінің тамаша әдістерін көрсете білді.

Топ бәйгеден бөлек 7 шақырымға созылған тай жарысы, 18 шақырымға созылған аламан бәйге болды. Ал, топ бәйгенің қашықтығы 14 шақырым.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Әлемнің үздік консерваториясына жолдама алды
18:04, 3 тамыз 2022
Әлемнің үздік консерваториясына жолдама алды
Толығырақ...
Ақсу қаласында заманауи өнер фестивалі өтеді
17:57, 3 тамыз 2022
Ақсу қаласында заманауи өнер фестивалі өтеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар