ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ақсу қаласында заманауи өнер фестивалі өтеді

17:57, 3 тамыз 2022

Кереку өңірі заманауи өнердің тереңнен тамыр жайған өлкесі болып саналады. Аймақтан шыққан өнерпаздар бүгінде ТМД кеңістігіне танымал. Осы соқпақты әрмен қарай түлете түсу мақсатында Ақсу қаласында ірі заманауи өнер фестивалі ұйымдастырылмақшы. Шараға елімізге танымал өнер жұлдыздары ат салысады.

Ақсу қаласы әкімдігінің қолдауымен, «шаңырақ» шығармашылық орталығының ұсынуымен «Шексіз» атты заманауи өнер фестивалі 12-тамыз күні өтеді. Ақсу қаласының мемелкеттік рәміздер саябағында қазіргі заман өнерінің 7 бағыты бойынша ұйымдастырылады. Шара мақсаты- өңіріміздің заманиу бағыттағы өнерін дамыту.

Замира Солтанова, «Шаңырақ» шығармашылық орталығы басшысының м.а:

Жаңадан бастаған жастарды қолдау. Аймағымыздың тумалары болып табылатын танымал әртістер мен жас буын өкілдерін шыфғармашыық байланыстыру. Замануи өнердің біздің болмысызбен біздің өмірімізге әсер еткен проблемаларды анықтау,. Оның шешуц жолдарын табу.

Фестивал рэп, битбокс, заманауи би, диджейлік өнер, мобилография, этофьюжн, стрит арт, скейдборт сияқты 7 бағыт бойынша өтеді. Ақсу қаласының мемлекеттік рәміздер саябағының ортасында негізгі сахна құрылып, қосымша алты алаңқай ұйымдастырылатын болады. Фестивал бағдарламасында концерттен бөлек, әр түрлі шеберлік сағаттары мен пікір алмасу шаралары да ұйымдастырылады.

Замира Солтанова, «Шаңырақ» шығармашылық орталығы басшысының м.а:

Жоғарыда аталған жанрлар бойынша кәсіби мамандардың шерелік-сағаттары, заманауи өнердің қазіргі қоғам мәселеріне әсері жайлы ой талқы өткізу жоспарланған. Оған шығармашыл тұлғалар мен мемекелттік органның өкілдері бірлесіп жұмыс істейтін болады. Шексіз фестивалінің әнұраны жазылып, жарияанады. Бұл трэк ресми түрде «Шекәсз»ә фестивалінің әнұраны болып жарияланады.

Дарья Комарова, «SHEKSIZ» фестивалінің заманауи би бағыты бойынша модераторы:

Заманауи би бағыты сола, дуэт жәнек командалық сияқты үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтаймыз. Төрешілердің кәсіби білігі жоғары. Ол күнді біз ерекшекөңілді өткізіп, айрықша батлмен аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Кешкілік уақытта қорытынды концерт ұйымдастырылып, елімізге танымал «Калифарния», «Қанай» сияқты әншілер өнерлерін көрсетеді.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...