ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«Ай-тұмар» кітабының тұсаукесері өтті

22:09, 3 маусым 2021

Бүгін орталық қалалық кітапханада ақын, ардагер журналист Шолпан Байғалықызының «Ай тұмар» кітабының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, ақынның жыр жинақтары Ертіс Баян өңірінің қаламгерлері сөресіне қойылды.

Облыстың құрметті азаматы, ақын, ардагер журналист Шолпан Байғалықызының «Ай-тұмар» кітабының тұсауы кесілді. Жыр жинақтың тұсаукесеріне өңірдің тіл жанашырлары, ақын жазушылар жиналды. Рухани азыққа жетелейтін ақынның ой тұмарында кез келген оқырман керегін табады.

Секербек Жабықбаев, ақын:

Ертістің ақын қызы Шолпанның кітабының көрсету қуанышы. Шолпанға кітап емес. Соңғысы емес шығар. Ол талай жыл бірге істедік. Өлең жазу өте қиын, соған қарамай Ертіс бойын жасартып, жаңғыртып жатыр.

Шараның мақсаты өскелең ұрпаққа патриоттық және адамгершілік тәрбие беру, қаламгерлердің шығармаларын насихаттау. Кітаптардағы тіл, діл, дін мәселелері талқыға салынған.

Ульян Мақұлұлы, тіл жанашыры:

Облысқа еңбегі сіңген ардагер Шолпан Байғалықызының тәрбиелік мәнінен тоқталатын болсақ. Бірқатар дүние сөз болған. Дініміз, тарихымыз осы тақырыптағы жыр жинағынан кездестірдім.

Сонымен қатар, қалалық кітапханада Ертіс Баян өңірінің қаламгерлері сөресіне Шолпан Байғалықызының жыр жауһарлары қойылды. Онда ақынның «Таңшолпан», «Сыр сандық» жинақтары мен баспа беттеріне шыққан шығармалары орналастырылды.

Зәуре Мәмбетова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

Ертіс Баян өңірінің қаламгерлері атты кітап сөресі ашылып отыр. Құтты болсын. Шолпан Апайды жақсы білеміз. Осындай апайларды жолдарын бізге берсін.

Тұсаукесер барысында Шолпан Байғалықызының құрметіне жылы сөздер айтылып, ақынға сый сияпат көрсетілді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...