ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР

21:14, 5 тамыз 2020

Павлодар облысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтуге 200-ден астам іс-шаралар жоспары әзірленді. Коронавирус инфекциясына байланысты іс-шаралардың барлығы әлеуметтік желілер мен медиа ресурстарда онлайн режимде өтіп жатыр. Мерекелеу жыл соңына дейін жалғасады.

Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығын тойлау жоспары өткен жылы құрастырылып қойған. Биыл елдегі жағдайға байланысты шаралар онлайн түрде ұйымдастырылды. Мерейтойдың басты іс-шарасы - 10 тамызда   халықаралық конференция болады.    

Ернұр Дәуенов, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

Енді 10-шы тамыз Абай Құнанбайұлының туған күніне байланысты негізгі шаралар топтамасы осы күні басталады. Бірақ жылдың соыңана дайін өткізіле береді. Ең бастысы күні шаһарымыздағы жоғары оқу орындарының бірінде «Хакім Абай – әлемдік өркениет феномені» атты облыстық онлайн конференциясы. Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, абайтанушылар, Жақын және Алыс шетел елдерінен ғалымдар, директорлар қатысады.

Сонымен қатар, біздің телеарнада  «Абайдың өшпес әндері» атты караоке-жобасы өткізілуде. Жоба аясында Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның әртістері Абай шығармашылығындағы әндерді орындайды. Сондай-ақ, «Абайдың шығармалары Абай мектебі оқушыларының көзімен» атты жоба да жүріп жатыр. Жалпы, бұл мерейтой кең көлемде өңіріміздің түкпір-түкпірінде тойлануда.  Сонымен қатар, қыркүйек айында Павлодар қаласында Ұлы ақынның ескерткіші орнатылады.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

    

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...