"Көк тарландары" телехикаясы

Продюсері: Ернар Мәліков

Қоюшы режиссері:  Ержан Рүстембеков

Басты рөлдерде: Мерей Маханов (Әлихан Байжан), Олжас Жақыпбек (Нариман Сайын), Жалын Тілеуберген (Талғат Нияз), Ұлан Болатбек (Ғалымжан Қойшыбай)

Жанры: әскери-патриоттық

Бір-біріне ұқсамайтын төрт жігіт әскери борышын өтеу үшін бір ротаға түседі. Фильм желісінде олар көптеген қиын жаттығулар мен әскери дайындықтардан өтіп, өз бойында нағыз ер азаматқа лайықты қасиеттерді қалыптастырады.

Әскери қызметте жігіттер түрлі шытырман оқиғалы жайттарға тап болады. Сарбаздардың кейбіріне бұл сынақтардан өту оңайға түспегенімен, олар әрқашан бір-біріне қолдау көрсетіп отырады.

Телехикаядан әр сарбаздың рухани өсуі, патриоттық сезімінің артуы, бозбала жігіттен нағыз ер азамат болып қалыптасу кезеңі мен өзге де қызықты оқиғаларды тамашалай аласыздар.

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26