"Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы

Бағдарламаны iске асыру бiрiншi кезекте оқытуға, тұрғылықты жерi бойынша жұмысқа орналастыруға, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкiндiктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелi қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту мақсатында экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендерден экономикалық әлеуетi жоғары елдi мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркiмен көшуiне жәрдемдесуге бағытталған.
Осыған орай, Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
   1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту  арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
   2) кәсіпкерлікті дамыту арқылы:
     жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау;
     тірек ауылдарды кешенді дамыту арқылы жұмыс орындарын құру;
   3) жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу:
     оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
     жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26