ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

15:22, 9 қаңтар 2019

Өңірімізде жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтіп жатыр. 4- қаңтардан бастау алған жарысқа 34 команда қатысып жатыр.

Елімізде волейбол спорты қарқынды дамып келеді. Оған осы Қазақстан Республикасының чемпионаты дәлел. Додаға еліміздің әр түкпірінен 34 команда қатысуда. Павлодарда бірден екі спорт кешені мен 3 зал екі жас бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін жұмылдырылған.

ТАЛҒАТ ҚАСЫМОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Казіргі кезде алаңда Ақтөбе командасымен Қызылорда облысы ойнап жатыр. Жақсы ойын көрсетіп жатыр. Бұл мықты командалардың бірі деп айтуға болады. Бүгіннен бастап плей-офф басталады. Бірінші сегіздік, одан кейін екінші сегіздік. Павлодар облысы да ілінді. Жеңеміз деп ойлаймыз.

Жүсіпбек Кеңесов – 10-сынып оқушысы. Волейболмен бар жоғы 2 жыл айналысқанмен үлкен дәрежеге ие бола білген. Тынымсыз жаттығулардың арқасында екі мәрте чемпион атанды. Бүгінгі ойында да жақсы ойын көрсетуде. Ақтөбе командасы жалпы Қазақстан бойынша мықтылардың бірі. Өткен жылы бұл команда чемпион атанып, биыл да жеңіс тұғырынан көрінуге бар күшін салып бағуда.

ЖҮСІПБЕК КЕҢЕСОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ)

Осы волейболды мен жалғастырып кете берем. Менің арманым высший лига болады ғой, соған түсіп сборный Қазақстанға ойнағым келеді.

Өткен жылығы чемпионатта 1-орын Ақтөбе облысына, екінші орын Қызылордаға , ал қола жүлде  Павлодар облысына бұйырған болатын. Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты 10 қаңтар күні өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:54, 29 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...