ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРДІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

19:11, 8 қараша 2019

Павлодарда медициналық қызмет көрсету сапасы әлі де жақсартуды талап етеді. Салаға тиісінше қаражат бөлінбегендіктен жалақы қарызы орын алған. Ал, нәресте өлімі өңірде 30 пайызға артыпты. Облысымызға жұмыс сапарымен келген премьер министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, аймақтағы медицина саласындағы бірқатар кемшіліктердің тізіп берді.

Ертіс-Баян өңіріне ат басын бұрған Үкімет мүшелдері алдымен облыстық жедел медициналық қызмет көрсету стансасына барды. Павлодардың жедел жәрдемі жарақтануы жағынан республикада алдыңғы қатардағы мекеме. Оны вице-премьердің өзі де мойындап отыр. Ал медициналық қызмет көрсету сапасы әлі де сын көтермейді.

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер министрінің орынбасары:

Қазіргі таңдағы біздің ең үлкен екі үш мәселеміз бар. Оның енді көбісі сіздерге байланысты. 

Өңірдің медицина саласында тиісінше қаржы бөлінбегендіктен бірқатар олқылықтар орын алған. Павлодар облысында медицина саласы толық қаржыландырылмаған. Бұны басқарма басшысының міндетін атқарушы Ардақ Күзеков те растады. Сала тиісінше қаржыландырылмағандықтан қызметкерлер дер кезінде еңбек ақыларын ала алмай жалақы қарызы туындаған. Әйтсе де, мамандар бұл кемшілік жойылды деп сендірді. Өңірде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағынан кемшіліктер көрініс берген. Ал, нәресте өлімі облыста 30 пайызға артыпты. Вице-премьер саланы жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Ең бастысы медицина қызметкерлері мен науқас арасындағы қарым-қатынасты жақсартуды жүктеді. Өңірдің медициналық қызметкерлерімен өткізген жиын соңында вице премьер Бердібек Сапарбаев, келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүесі іске қосылатынын қадап айтты. Оны халыққа жете түсіндіру қажет. Бұл туралы ақпарат беру жағынан да ақсап тұрған жайымыз бар. Бердібек Сапарбаев, аталған кемшіліктерді жыл соңына дейін жоюды жұктеді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар