ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС

12:00, 20 қыркүйек 2019

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші әр адамның қалыптасуына ұстаздың берер бағыт-бағдары мен тәлімі мол. Еңбегі бағаланып, шәкірт алдында абыройы биік мұғалімнің бірі облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының ұстазы Бибінұр Әденова.

Бибінұр Олжанқызы ұстаздық жолын 1998 жылы бастаған. Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық институтында білім алып,  алғашқы еңбек жолын Баянауыл ауданы Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінен бастапты. Одан кейін жұмыс барысымен Павлодар қаласындағы колледждердің біріне ауысып, 2016 жылдан бастап облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының ұстазы болып, және оқу ісінің меңгерушісі болып  еселі еңбек етіп келеді.

Бибінұр Әденова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

«Шәкіртсіз ұстаз тұл», дейді. Сондықтан мен үшін менің беделім шәкірттерімнің көрсеткен сыйы. Мен өз мамандығымды өте жақсы көремін. Және сонымен қатар, өз жұмысыма, өз пәнімен деген сүйіспеншілгім жылдан-жылға  ұлғайып келе жатыр десем артық айтпағандығым болар.

Әрбір тәжірибелі маманның өзіндік сабақ үйрету тәсілдері болады. Бибінұр Олжанқызы шығармашылық бағыт бойынша оқушыларға жеке тапсырмалар үлестіреді.

Бибінұр Әденова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Әдебиет сабақтарында әсіресе балалардың ойын жүйелі жеткізуге, сауатты сөйлеуге, топ алдында өз пікірлерін айтуға дағдыландырамыз және қосымша ақпараттармен, оқулықтардан тыс қосымша ақпараттармен жұмыс жасаймыз.

«Ұстаздан шәкірт озар» демекші, талай шәкірті облыстық және республикалық пән олимпиадаларына қатысып жеңімпаз атанып жүр. Тәлімгерлері де мұғалімдері секілді білікті маман иесі болуды армандайды. Ұстаздың биік беделі оқушыларына үлгі.

Ерзада Мақсұт, 10 сынып оқушысы:

Менің сүйікті мұғалімдерімнің бірі – Бибінұр Олжановна. Ол кісі сабақты білесіз бе, бар энергеиткасын салып береді. Осы энергетикасы барлық балалар, оқушылар отырады ғой, соны тартып алады. Сондай жаны жайсаң, сабақты тек бір форматта емес, қызықты форматта береді.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», деп хакім Абай айтқандай өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындататын ұзтаздар қауымы өз істеріне қашан да адал.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:54, 29 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...