ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

16:15, 24 маусым 2020

«Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің мониторинг тобы Екібастұз қаласына барды. Олар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің қайта жаңғырту бағдарламасымен және әкімдіктің қызмет көрсету сапасымен танысты. Жобалық кеңсесінің көздегені елдегі тұрғын үй инспекциялар және пәтер иелері кооперативімен бірлесе отырып, тұрғындардың құқығын қорғау.

Жұмыс сапары Екібастұз қаласы әкімдігінің ғимаратын аралаудан басталды. Мониторингтік топ, қызмет көрсету сапасындағы кем кетіктерді маусым айының соңына дейін жоюды ұсынды.

Төлеген Байғұлов, «Адал алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі:

Мұнда ыңғайлы жағдай жасалмаған, толық аяқтау керек. Күту залы, вай-фай, су, стақандар болуы қажет. Тұрғындар барлық мемлекеттік қызметтерді бір жерден алу тиіс.

Республикалық кеңсе басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстарымен танысты. 2012 жылдан бастап Екібастұз аумағында 36 көп қабатты үйде 847 миллион теңгенің жұмысы атқарылды. Бірде шатыр, бірде сымдар немесе жертөле коммуникациялары жасалды дегендей. Энергетиктер көшесі 67 мекен-жайында бес жыл бұрын жертөле құбырларын толық ауыстыра отырып, шатырды күрделі жөндеуден өткізді. Бұл үйге жақын орналасқан жетпіс бірінші үйде қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Төлеген Байғұлов тұрғындарды сөзге тартты.  Тұрғындар бақылау қажет дейді. Ол үшін мамандар керек. Өйткені, шатырды жөндеуге бөлінген 34 миллион теңгені пәтер иелерінің өздері 7 жыл ішінде қайтарады. Республикалық кеңсе өкілдері электр қалқанын ауыстырған Бауыржан Момышұлы көшесіндегі №32 үйге барды.

Төлеген Байғұлов, «Адал алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі:

Біз қазір қарап жатырмыз, 2012, 2013, 2014 жылдары олар жөндеуді бастады, кепілдеме аяқталды. Алайда, біз қандай мәселелер бар екенін қарастырамыз. 2020 жылы олар басталады, сондықтан проблемалар болмауы үшін біз сол жерден қарауды бастадық.

Төлеген Байғұлов атап өткендей, жасалатын жұмыстардың сапасына қоғамдық бақылау қажет. Адамдар өздері мониторинг жасап, уақытында хабар бере алады. Осылайша тендерлерді өткізу мен бөлудің ашықтығын, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге болады.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ? /МӘСКЕУ/
11:54, 7 мамыр 2020
ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ? /МӘСКЕУ/
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...