ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ТОМСК ҚАЛАСЫНДА Қ.СӘТБАЕВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

20:23, 28 қараша 2018

Келер жылы қазақтың біртуар ұлы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толады. Қасиетті Баянауыл топырағынан түлеп ұшқан ғұламаның есімі ресейліктер арасында да аса құрметке ие. Академиктің мерейтойына орай Томск политехникалық Университетінде ұлы тұлғаның атына аудитория ашылып, ескерткіш орнатылған.

Универсиеттетегі Қаныш Сәтпаев атындағы аудиторияда әдеттегідей сабақтар өткізіледі. Енді ғалымның мерейтойы қарсаңында кабинетте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Онда академиктің жеке өмірінен сыр шертетін заттары мен жәдігерлері де қойылатын болады.

СВЕТЛАНА ГРИГОРЬЕВА - ТОМСК ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Біз Қаныш Сәтпаев атындағы аудиторияны академик оқыған 1920 жылға сәйкес жасағымыз келеді. Ол кезде алғашқы палеонтологиялық кабинет осы жерде болатын. Мұнда геология факультетінің студенттері өз зерттеулерін жүргізетін. 

Политехникалық университет қызметкерлері аудиторияны тарихи қалыпқа келтіру оңай шаруа еместігін айтуда. Себебі, ғалымның өзі жұмыс жасаған заттары, жиһаздар мен мүліктерін жинақтау оңайға соқпаған.

СВЕТЛАНА ГРИГОРЬЕВА - ТОМСК ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Біз сол жылдардағы үстелдерді, шкафтарды қоюды жоспарлап отырмыз. Геологиялық үлгілер, микроскоптар мен бор арқылы жазатын тақталарды қойсақ деген ойымыз бар. Сонымен қатар шағын мемориалды кешен құрғымыз келеді. 

Қаныш Сәтпаев - Ресей мен Қазақстанға ортақ тұлға. Ол Кеңес Одағы тұсында металлогения ғылымының негізін салды. Әрі Қазақстан ғылымының негізін қалаушы. Сондықтан, Қаныш Сәтбаевтың есімі тарих бетінде қала береді.

 

Гүлден ТӨЛЕГЕН, Гүлмира БАҚТИЯРОВА «Томск» мемлекеттік телерадио компаниясының көмегімен 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:54, 29 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...