ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

18:06, 28 қараша 2018

Павлодар облыстық сотының судьялары Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады. Сот төрағасы өз сөзінде Елбасының бұл жолғы мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы екенін тілге тиек етті. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткен жиынға өңіріміздегі жоғарғы оқу орындарының ғылыми қызметкерлері де қатысты. Айта кетейік, шара онлайн түрде өткізілді.

Ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жобаны іске асыру бағытында келелі әңгіме қозғалды. Талқылау барысында жиналғандар арасынан суырып сөз алып, өз ойын ортаға салғандар  көп болды. Олардың әрқайсысы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының ауқымы кең екендігін, ең бастысы, бұл мақала әркімнің жүрегіндегі патриоттық, Отансүйгіштік сезімді күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

 

Айта кетейік, Елбасы мақаласын талқылауға өңіріміздегі жоғарғы оқу орындарының ғылыми қызметкерлері де қатысты. 

Прездентіміздің даналығының, ақылгөйлігінің арқасында біз ішкі әлемімізді сақтап қалдық. Менің ойымша, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы дер кезінде жазылған дүние. Өйткені өз тарихымызды әлем өркениеті тұрғысынан қарап зерделеу қажет. Мықты далалық өркениетіміздің бар екенін әлемге танытқанымыз жөн. Мақаланың әр бөлімі өткенді сараптай отырып, бүгінмен ұштастыра, ойластыра айтылған. Қазақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде жатыр. Мақаладағы көне тарихымызға қатысты негізгі жобалар Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.

Аталмыш жиынға Марғұлан атындағы археологиялық орталықтың ғалымдары артефактілерін ала келген екен. Мұндағы балшық құмыра, дулыға және жаудың сауыты Павлодар облысының аумағынан табылған. Көне жәдігерлердің барлығы 3000 жыл бұрын болған ежелгі өркениеттің дәлелі деседі.

ТИМУР СМАҒҰЛОВ,  МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бұл біздің салт-дәстүріміз. Тариыхымых. Біз осымен басқалардан өзгешеленеміз. Осылайша басқа ұлтқа ұқсамаймыз. Елбасымыз Ұлы даланың жеті қыры атты терең мазмұнды, тағылымы мол мақаласын жариялап, қалың жұрт­шылықты бір серпілтіп тастады деп ойлаймын. Тарихымыздың жеті қырын атай отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткенімізді тарих тұғырынан бағамдап, терең зерделеуге үндеп отыр. Біздегі мақсат – өздеріңізбен ой бөлісіп, ақылдаса отырып, бірге істейтін алдағы шараларымызды айқындап алу.

Ата-бабамыздан қалған «Жеті Жарғы», «Билер соты» бүгінде өз маңыздылығын жоғалтпаған. Себебі, түйткілді, өзекті мәселелерді шешу форматын сәл ғана жаңартып, төл тарихымызды сақтай отыра шешім қабылдағанымыз абзал дейді,-жиналғандар. Алдағы уақытта қазақ елінің әлемдік өркениеттегі орнын және үлесін көрсету мақсатында мақалада айтылған ұсыныстар негізінде кешенді іс-шаралар қолға алынатын болады.

 

Назерке ҚАНАҒАТ, Гульмира БАКТИЯРОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
11:10, 10 қаңтар 2020
МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
10:47, 10 қаңтар 2020
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...