ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АНДРЕЙ БАЛАШОВҚА СӨГІС БЕРІЛДІ

19:57, 28 қараша 2018

Павлодарда Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің инспекторы 3 ай бойы заңсыз түрде бөлім басшысы қызметін атқарып келген. Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында аталмыш мәселе талқыланып, осы іске жауапты Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Андрей Балашовқа тәртіптік өндірістегі сөгіс берілді.

Павлодар қалалық  Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне келісім шарт негізінде  инспектор болып  қабылданған Зікірия Сұлтанғазинов бөлімге заңсыз түрде басшылық еткен. Ешкімнің бұйрығына қарамастан, ол   бөлім  жұмысын үйлестіріпті. 3 айы  бойы өзін аталмыш бөлімінің «басшысы» сезінген инспектор өзіне тиесілі міндеттерді атқармай, тіптен,  бөлімге жиналыс та өткізген. Онымен қоймай, келісімшартқа отырған мердігер ұйымдар өкілдерімен де жұмыс жүргізген.

ЕЛУХАН ЕРГЕБАЕВ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Сонымен қатар, Сұлтанғазинов қоғам байланыс орнатып, жұмыс жүргізгенін 9 мердігер ұйымның өкілдері де растады. Ол бірақ, мердігерлермен жұмыс жүргізуге еш құқығы жоқ болатын. Мердігерлердің айтуынша, ол сенбілік жұмыстары туралы  тапсырма да беріп отырған.  Ал ТҮКШ бөлімінің 3 қызметкері бөлім жұмысын Сұлтанғазиновтың жүргізгенін растады.

Айта кетейік, бұған дейін Зікірия Сұлтанғазинов  бөлімге  ресми түрде басшылық еткен болатын. 2018 жылдың шілде айында қызметтік тексеріс жүргізгенде, ол жұмыстан өз еркімен кеткен болатын. Десе де, бұл бөлімге қайта оралған «экс басшысы» жұмысын қайта жалғастыруды жөн көрген.

ЕЛУХАН ЕРГЕБАЕВ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Сұлтанғазинов мемлекеттік қызметкер болып табылмайды. Оған бөлімді уақытша басқару туралы бұйрық берілмеген. Десе де, ол  мемлекетік мекемені басқармақ болды.

Аталмыш жағдайға орай,  қала әкімінің орынбасары Андрей Балашов бөлімдегі қызметкерлерге бақылау жүргізбегені үшін  айыпталды. Оған әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен қызметтік міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс ретінде тәртіптік өндіріс тағайындау ұсынылды.

 

Өзгеріс ҚУАНАР

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:54, 29 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...