ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ӨЗ ІСІНЕ ЖАН-ТӘНІМЕН БЕРІЛГЕН АРДАГЕР

16:07, 19 наурыз 2019

Биыл Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагері Виктор Алеутдинов 85 жасқа толды. Ардагер өмірінің көп уақытын өзінің сүйікті жұмысына арнаған жан. Ал, 162/3 мекемесінің қызметкерлері болса, өз әріптесін ұмытпай, бұл мерейлі датамен құттықтауға келген.

Виктор Васильевич бүгін өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Осы жылдар ішінде қилы қызметте болып, түрлі мамандықты меңгерді. Бірақ өміріне әсер еткені қылмыстық-атқару жүйесі саласында еңбек еткен кезеңі.

Виктор Алеутдинов, еңбек ардагері

Ол кезде жұмыс әрине қиын болды, қазір де жеңіл емес. Өйткені біз  театрда, кинода, дүкенде бірге болатын адамдармен қарым-қатынаста боламыз, Ал келесі күні ол қылмыскер атануы мүмкін. Сосын біз оларды қалыпты, жақсы жолға оралатындай жағдай жасауымыз қажет.

Виктор Аулеутдиновтың екі ұлы, бір немересі және екі шөбересі бар. Атқарған жұмысының ауыр болғандығы сонша, кей кездері отбасы ошақ қасына қарауға мұрша болмайтын, деп еске алады қария.

Виктор Алеутдинов, еңбек ардагері

Мен уақтыттың көбін жұмыста өткізетінмін. Менің демалыс күндеріме де теріс әсер етті. Балалармен де уақытты өте аз өткіздім, олармен көбірек айналысу керек еді

Зейнетке шыққанға дейін екі жыл АП 162/3 түзеу мекемесінде қызмет етті. Бірге жұмыс істеген қызметкерлері өз әріптесін ұмытпай әр мереке сайын құттықтап тұрады. 

Ермек Сүлейменов, 162/3 мекеме бастығының орынбасары

Бұған дейін ол АП 162/2 мекемесінде тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары қызметінде жұмыс істеген. 2 жыл бізде өнірісте қызмет еткен. Жас мамандарды тәрбиелеп, өсірген.  

85 жылдық ғұмардағы жұмыс тәжирибесі мен естеліктері тұтастай бір кітапқа арқау боларлық. «Сүйікті ісіне толығымен берілу» атты кітабы оның бар өмірін сипаттайды.

 

Марина САХАРОВА, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
11:10, 10 қаңтар 2020
МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
10:47, 10 қаңтар 2020
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...