ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ОМБЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ ПАВЛОДАРҒА ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

12:02, 1 наурыз 2019

Көрші елден келген делегаттар Павлодардағы бірнеше мекемені аралап көрді. Оның ішінде жуырда ғана ашылған «Open Pavlodar» қызмет көрсету орталығы бар. Сапар аясында меймандар өңірдің әлеуметтік және мәдени даму қарқынымен де танысты.

Омбы жерінен келген бір топ делегаттар алдымен «Open Pavlodar» қызмет көрсету орталығына барды. Қала әкімі Әнуар Күмпекеев келушілерге барлық онлайн қосымшалар туралы баяндап, олардың жұмыс істеу тіртібін түсіндірді. Аймақтағы өз-өзіне қызмет көрсету орталығындағы жаңашылдықтарға Александр Бурков оң бағасын берді.

Самғат Ермекбаев – павлодар қалалық әкімдігінің аппарат басшысы

Аймақта аталмыш қосымша құрылғалы қызмет көрсету сапасы жақсарған. Яғни, мұнда келушілер электронды нұсқаулық арқылы өздеріне керекті кез-келген сұраққа жауап ала алады. Әрі қарай Ресейлік қонақтар облыс орталығында орналасқан «Дата орталығына» ат басын тіреді. Аталмыш орталық Қазақстан бойынша үш қалада ғана бар. Мұнда барлық байланыс желілеріндегі ақпараттар өңделеді.  Яғни, бұл жерде Омбы өңірінің губернаторына «Ақылды тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы» «Ақылды үй» сынды маңызды жобалар таныстырылды.

Қонақтар сапары қаламыздағы алдыңғы қатарлы білім беру ошағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жалғасты. Бәсекеге қабілетті мемлекеттермен тығыз байланысатын аталмыш оқу ордасының ұжымы, ағыннан жарылып, қонақтарды қазақи қалыпта қарсы алды. Бұл қонақжайлылықтың айқын көрінісі. Назарбаев зияткерлік мектебі химия-биология және жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс жасайды. Білім ордасының үздік оқушылары аталмыш бағыттардағы тәжірибелік жұмыстарын көрсетті. Сонымен қатар, бар білімнің бастауы саналатын кітапхана да қонақтар назарына ұсынылды. Естелік ретінде Александр Бурков тілек кітапшасына қолтаңбасын қалдырып, ыстық ықыласын қағаз бетіне түсірді. Аталмыш білім ошағы алдағы уақытта Омбы қаласындағы алдыңғы қатарлы білім беру орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
11:10, 10 қаңтар 2020
МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
10:47, 10 қаңтар 2020
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...