ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ

11:34, 11 ақпан 2020

«Өлең сөздің патшасы». Осындай атаумен Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен әдеби-танымдық эстафета бастау алды. Оған аймағызмыздығ барлық этномәдени орталықтар қатыса алады. Мұндай эстафетаның негізгі мақсаты - Абайдың шығармаларының тереңдегін сезіндіру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулып әндерін үйрету.

Абайдың 175 жылдығына арналған «Өлең сөздің патшасы» атты челленджі Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Нұр Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігін бастады. Эстафетаның шарты бойынша жергілікті әрбір этномәдени орталық ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында түрлі шараларды ұйымдастыруы тиіс. «Достық үйінің» сахнасында ақынның әндері шырқалып, қара сөздерінен үзінділер оқылды.

Бақытжамал Максилова, «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Мақсатымыз неде? Біз өзіміз «әжелер алтын сандығын» жасадық. Сол «әжелер алтын сандығына» осы 24 орталықтың барлық шараларын сонда салып, қазан айында қорытындылаймыз. 

«Нұр Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің әжелері бастама шеңберінде арнайы алтын сандықты жасапты. Оған эстфетаны қабыл алған орталық Абайдың өмірі немесе шығармашылығына қатысты бір жәдігерді салуы тиіс. Осылайша, челлендж Қазақстан халқы ассамблеясының 24 этномәдени орталығының қолдауына ие болады.

Бақытжамал Максилова, «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Абай атамыздың мерейтойына өзіміздің барлық күшімізді салып, елімізге деген мақтанышымызды, елімізге деген қуанышымызды осы Абай атамыздың әрбір сөзін балаларға, ата-аналарға, ел-жұртымызға жеткізсек дейміз әр тілде. Сондықтан, тіл бір, жүрек бір, отан бір. Барлығымыз біргеміз.

Әжелер қоғамымен қатар, «Келіндер клубы» мен «Нұр болашақ» тобының мүшелері ақын өлеңдерін жатқа айтып, өз өнерлерін ортаға салды.

Ырысбек Зая, №25 ЖОБММ оқушысы:

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,

Ашуың — ашыған у, ойың — кермек.

Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық

Кім көңілді көтеріп болады ермек?

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, 

Тағдыр жоқ еткен өмір қайта келмек. 

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, 

Бір құдайдан басқаның,бәрі өзгермек.

Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.

Эстафета шарты бойынша, челленджді келесі болып қарашай-черкес және қабарда-балқар ұлттық мәдени орталығы қабыл алды.

Мәрия Байрамқұлова, «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балқар ұлттық мәдени  орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Абай біз үшін – ұлы поэзияның ұлы тұлғасы. Ол өз ұрпақтарына поэзиямен қатар, даналықты, инабатталықты қалдырды. Абайдың 175 жылдығы қазақ халқы үшін өте үлкен мерейтой. Осыған байланысты біздің орталық та бірқатар шараларды ұйымдастырады.

«Өлең сөздің патшасы» челленджінің қорытындысы ағымдағы қазан айында шығарылады. Нәтижесі бойынша, барлық этномәдени орталықтардың қатыуымен үлкен мерекелік шара өтеді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...