ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

МУЗЕЙДЕ «JASTAR» ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

20:02, 25 қаңтар 2019

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «JASTAR» залы ашылды. Шағын бөлмеде өңірімізден шыққан талантты жастардың шығармашылығы топтастырылған. Ауыспалы зал жыл бойы Ертіс-Баян өңірінің дарынды ұл-қыздарының шығармашылығын насихатамақ.

Жастар жылына орай ашылған залға аймағымыздың таланатты жастары енген. Олардың қатарында  ақындар, әншілер, сатириктер мен актерлер бар. Бұл шығармашылықта топ жарып жүрген жастарға көрсетілген үлкен құрмет.

Солардың бірі  ақын - Жарқынбек Амантайұлы.  Көптеген  жыр додаларында биік белестерді бағындырған. Бүгінде ақындықпен қоса спортты да қатар алып жүр.

ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ – АҚЫН 

Залда жастардың шығармашылығы туралы толыққанды мағлұмат берілген. Сөреге олардың кітаптары, жеткен жетістіктер мен жеке заттары және фотосуреттері қойылған. Барлығы да автордың шығармашылығымен кеңінен танысуға мүмкіндік береді.

АЛПЫСБАЙ ХОНЖ -  АҚЫН, САТИРИК

Бұл зал жыл бойы жұмыс істейтін болады. 4 ай сайын талантты жастар сөресі ауыстырылып, өңірдегі барлық шығармашыл жастар қамтылмақ.

ЖЕҢІС МОЛДАБЕК - БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Шараның ашылу салтанатына белгілі қаламгерлер мен өнер майталмандары қатысты. Ақжарма тілеген білдірген аға буын өкілдері жастарға сәтттілік тілеп, ақ баталарын берді.    

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
11:10, 10 қаңтар 2020
МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АӘК БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
12:24, 26 наурыз 2020
АӘК БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДЕ ТАҒЫ БІР АДАМНЫҢ  КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
23:27, 23 наурыз 2020
ЕЛІМІЗДЕ ТАҒЫ БІР АДАМНЫҢ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНЫ БЕЛГІЛІ БО...
Толығырақ...