ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

11:10, 10 қаңтар 2020

9-қаңтардан бастап аймағымыздың барлық мектептерде тегін ыстық тамақ жүйесі іске қосылды. Павлодар облысы бойынша 1-4 сыныптарда оқитын 51 мыңнан аса оқушы бар.

Балаларды бір реттік кешенді ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 2,5 миллиард теңге қаражат бөлінді. Оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап Павлодар өңірінің барлық мектептерінде бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қаматамасыз ету жүйесі қосылды. Аймақта 1 ден 4-ші сыныптарда 51 мың 278 бала білім алады. Бір реттік тегін тамақ барлығына да тиесілі. Технолог мамандардың айтуынша, ас мәзіріне оқушы ағазасына қажетті барлық тағамдар енгізілген. Тіпті, араның балы секілді дәрумендер де бар.  Балалар да ас мәзіріне енетін тамақ түрлерін өздері таңдай алады.

Бақыт Әбдірахманова, №25 ЖОББМ асхана меңгерушісі:

Бүгіннен бастап, жаңа ас мәзіріне көштік. Оның ішіне ыстық тамақ кіреді. 25 грамм салаттан бастаймыз. Одан 1ші ыстық тамақ, екінші ыстық тамақ кіреді. Одан әрі сүтсіз қара шаәй береміз қантпен. Бір тілім нанмен, бүгіннен бастап әр балаға 5 грамм бал беріледі.

Рауза Молдабекова атындағы №25-ші мектепте 1853 оқушы бар. Оның 842-сі бастауыш сыныпта оқиды. Енді, олардың барлығы күніне бір рет тегін тамақтана алады. Сонымен қатар, 190 көп балалы және аз қамтылған отбасы оқушыларына ыстық тамақ қарастырылған. Ата-аналар мұндай жүйенің іске қосылғанына ризашылығын білдірді.

Алтын Ысқақова, ата-ана:

Әсіресе, 1- сынып оқушылары екі мезгіл тамақтанады мектепте. Таңғы ас және түскі ас ішеді. Жұмасына 2700 теңге беріп жүрдік. Менің отбасымда бір бала. Енді көп балалы отбасыға мүмкін бюджетке әсер ететін шығар әрине, қиындау шығар. Ата-аналар тарапынан үкіметке көптен-көп рахмет.

Бір реттік кешенді тамақтану ас мәзірінің көлемі 300 теңге. Асханада бір уақытта 250 бала тамақтанады. Оқушылардың тәбеті қарағанда, ас дәмді болған сияқты. Ас мәзірі оқушылардың жасына қарай құрастырылған. Балаға түскі ас кезінде қажетті құнарлы азық-түліктер іріктелген. Мысалы, 7 мен 11 жас аралығындағы оқушыға өлшемі 745 калорияны құрайтын кешенді тамақ беріледі.

Айнагүл Абаева, білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы:

Павлодар облысында 1-4 сыныпта 51000 астам оқушы оқиды. Бүгіннен бастап, үшінші тоқсаннан бастап барлық балалар тегін, бір реттік ыстық тамақпен қамтылған. 2,5 млрд теңге жұмсалды. Оның ішінде облыстық бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінді. Енді қалған қаражат аудандық бюджеттен және демеушілер есебінен жұмсалды.

1 және 4 сынып аралығында оқитын оқушыларға арналған тамақтану жүйесі 2,5 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Әлеуметтік маңызға ие жоба алдағы 3 жылды қамтиды.

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
10:47, 10 қаңтар 2020
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...