ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

КУРЧАТОВ - БЕЙБІТ АТОМ ОРТАЛЫҒЫ

12:01, 28 мамыр 2019

Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласы қарқынды дамып келеді. 90- жылдардың басындағы халқы дереу көшіп, үйлері қаңырап қалған қала бүгінде айтарлықтай өзгерген. Жоғарғы оқу орындарын үздік тәмамдап отандық ғылымға үлес қосам деген жастарда осында ағылып келуде.

1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің, иттердің, өлі денесі табылған. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды. Токамак бұл тороидальды вакуумдық камера, яғни тороидальды магнит өрісін өндіру үшін оған катушкалар оралған. Вакумды камерадан алдымен ауаны сорып алады, кейін дейтерий және тритий қоспасымен толтырады. Содан соң камерадағы индуктор көмегімен құйын тәрізді электр өрісін тудырады. Индуктор үлкен трансформатордың бірінші орамы болады да, ал токамактың камерасы оның екінші орамы болып табылады. Электр өрісі ток ағынын және плазманың жануын тудырады. Плазма арқылы өтетін ток екі міндет атқарады: Плазманы басқа өткізгіштер сияқты қыздырады.

Денис Зарва, ұлттық ядролық орталық жобасы басқармасының басшысы:

Қазіргі уақытта замануи дамып келе жатқан ұйым. Бізде бірнеше филиал бар. Радио экология кешені. Филиалдарымыздың негізгі жұмысы Семей жерінде орын алған жарылыстың салдарын анықтау. Себебі, бұл оқиға әлі күнге дейін толық зеттеріп біткен жоқ.

Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өту үшін арнайы 18 млн га жер бөлінді, яғни  Жер астына жасай бастады.Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Ең бірінші жарылысы Гусак деп аталды. Бұдан басқа да площадкаларда да жарылыстар болған. Атаулары «Балапан» «Дегелен»

Бектас Тұрғали, Курчатов қаласы ұлттық ядролық орталығының инженері:

Қазіргі уақытта біздің иститутта осы жерді зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Көптеген жерлерін зерттеп бітірдік, және сол жерлерін картаға түсірдік. Сол карталар арқылы қай жердің  радиациясы қауіпті және қай жерде бар қай жерде қаіпсіз екендігін анықтадық.

Шынында бұл ел өмiрiндегi ғана емес, әлемдiк деңгейдегi маңызды қадамдардың бiрі болды. Әсiресе, жазықсыз жұртты жалмаған, алты басты аждаһаның аузында тұрған абыралылықтардың жүрегi жарылардай қуанған. Еңсе тiктелер, ел түзелер деген. Семей полигоны жабылғаннан кейiн қиналған жұртқа қандай жағдай жасалды?

Арлан Тұрсынбаев, Курчатов қаласы түкш бөлімінің бас маманы:

Демалыс орынын құруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, балаларға арналаған ойын алаңдарын құрамыз. Аулаларда жұмыс жүргізіледі, яғни  газондар, асфальттар жасалады. Қазір Олимпейская көшесінде саябақ жасалап жатыр.

Жарты ғасырға жуық уақыт атомның ресми астанасы саналса да  әлемнің ешбір картасында көрсетілмеген жасырын қала, бүгінде қайта жаңғыру кезеңін бастан кешуде. Көшелері мұнтаздай таза, қираған ғимараттар біртіндеп реттелуде. Онда қазір еліміздің ұлттық ядролық орталығы, ядролық технологиялар паркі жұмыс істеп тұр

 

Малика АХМЕТОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:54, 29 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...