ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

КҮЙТАБАҚТАР МУЗЕЙІ ЖЕКЕ МЕКЕМЕ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕДІ

19:54, 25 қаңтар 2019

Ұлттық телеарна жаңалықтарында Павлодардағы күйтабақтар музейін онтайландыру мақсатымен әдебиет және өнер музейіне қосқалы жатқандығы жайлы сын материал шыққан болатын. Мәселе мынада, ел ішінде «Шафер үйі» деген атаумен танымал бұндай музей әлемде жалғыз-ақ.

Бұл жерде 27 мыңнан астам күйтабақ бар. Олардың арасында түпнұсқа күйінде сақталған, теңдесі жоқ музыка үліглерін кездестіруге болады.  Мәселен, Исаак Дунаевскийдің 400 шығармасының толық жинағы, Чайковский мен Глинка, Бах, Моцарт, Шопен, Мендельсон шығармаларының алғашқы жазбалары, тіпті, 9 ғасырдағы музыкалық туындылардың көшірмелері бар. Осындай мол мұра сақталып қалған музыкалық музейдің жеке мекеме мәртебесінен айрылуына жергілікті зиялы қауым алаңдаушылық білдіріп үкімет басшысына хат жолдады.  

Осыдан кейін аймақ басшысы Болат Бақауов музыкатанушы, филолог, сазгер Наум Шафермен арнайы жолықты. Музей бұрынғыдай жұмыс істейді- деп мәдениет басқармасына пәрмен берілгендігін айтты.

НАУМ ШАФЕР    ӨНЕРТАНУШЫ, САЗГЕР

Бұнда қазақ музыкасының небір жауһарлары сақталғандығын ерекше мақтанышпен айтамын. Оларды өзімнің ұстазым Брусиловскийдің тапсырмасымен алыс ауылдарға барып жинақтап, сәт-сайын есеп беріп отырдым. Арине қуаныштымын. Музей қорындағы шығармалардың бәрі менің жүрегіме жақын халықтың мұрасы. 

 

Болат АМАНБАЕВ      

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
11:10, 10 қаңтар 2020
МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
10:47, 10 қаңтар 2020
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...