ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

КӨКТӨБЕДЕГІ КӨҢІЛДІ КЕШ

20:17, 30 желтоқсан 2019

Шырша тойы Май ауданының Көктөбе ауылында да жоғары деңгейде атап өтілді. Аудан әкімінің балаларға арнаған жаңа жылдық балына 100-ге жуық бүлдіршін қатысып, ауданның бас шыршасының жағылу рәсіміне куә болды.

Жаңа жыл  кішкентай балалардың асыға күтетін мерекесі. Май ауданы Көктөбе ауылының балақайларын жаңа жылдық базарлық, Аяз ата мен Ақшақар және ертегі кейіпкерлерінің көріністері қуантты. Аудан әкімінің шыршасына ауданның әр ауыл-аймағынан балаларды жиналды. Олар көбінесе аз қамтылған және толық емес отбасынан шыққан балақайлар. Сонымен қатар, көп балалы жанұя балалары.

Марат Ақтаев, аудан әкімі:

Еліміздің болашағы ол сіздер, осы балалар. Келешек өмірде әрқайсыңыз бір  еліміздің мықты маманы болып, сабақтарыңызды жақсы оқыңыздар, жақсы жетістіктер болсын, спортпен айналысыңыздар.

Меркелік шыршада Аяз ата мен Ақшақар балалармен  бірге ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды қарсы алды. Ертегі кейіпкерлерімен қосылып шырша шамын жақса, балалар ән айтып, өз өнерлерін паш етті.

Данара Балтабаева, оқушы:

Сіздерді келе жатқан 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге 2020 жыл құт-береке, бақыт, қуаныш әкелсін деп тілеймін. Бүгінгі әкім шыршасы маған өте ұнады.

Аяжан Ерден, оқушы:

Осы шыршаға 20 келгеніме екі жыл болғандықтан маған қатты ұнайды және балалар өте икеремет өнерлерін көрсетіп, қызықтар бізге көрсетеді.

Аманжол Ахметжан, оқушы:

Марат Хамзаұлына осындай жаңа жыл жасап жатқанына үлкен рахмет. Жаңа жыл құт береке әкелсін. Маған мультфильмдағы кейіпкер Алладин костюмі ұнады, сосын жаңа жылға сол киімді кидім.

Биылғы жылы Май ауданы ерекше шарша орнатты. Қолдан жасалған жасанды шырша жасыл кілемшемен көмкерілген. Бұл аудан халқының таиғатқа деген аяушылық сезімін аңғартса керек. Бұл жерге тек жергілікті тұрғындар ғана емес, алыс жақындағы ауыл аймақтан келетіндер де бар. Шырша маңы балалардың қуаныш аланыңа айналған.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...