ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

«ҚАЗМЕДИА» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҮШ КҮН

10:47, 10 наурыз 2020

Ертіс теле арнасын тілшілері мен режиссері және бет әрлеуші қызметкерлері «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына арнайы іс сапармен барып келді. Олар Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің бас студиясын тамашалап, республикалық деңгейде хабар тарататын білікті мамандармен тәжірибе алмасты.

Иә, әрбір телеарнаның жүрегі – ол жаңалықтар бөлімі. Ұлттық арнаның ньюсрумындағы жұмыс барысы күндегіге ұқсамайды.  Күнде әр түрлі тақырып, күнде сан саланы қамтыған сюжеттер осы жерде дайындалады.

Армангүл Тоқтамұрат, кешкі ақпарат жүргізушісі:

Мынау біздің ньюсрумыз. Жаңалықтар қызметі арнаның моторы десек те болады. Онда тоқтаусыз процесс жүріп жатады. Біздің жұмысымыз таңғы тоғыздан кешкі эфир біткенге дейін жалғасады. 10 журналист, 10 оператор жұмыс істейді. Жүргізушілердің де ерекшелігі сол,  әрі жүргізуші, әрі журналист.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Бұл жер ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНА қарасты бет әрлеу бөлмесі. Өздеріңіз көріп тұрғандай бұл жерде бес адам қызмет атқарады. Олардың әрқайсылары өз істерінің шеберлері, майталмандары десек болады. Нақтырақ айтатын болсақ, көрермендер назарына жаңалық жүргізетін тележүргізушілер, басқа да бағдарламалар кейіпкерлерінің сымбатты көрінуі осы ханымдардың еңбектерінің жемісі деп білеміз.

Гүлмира Рүстемова, «QAZAQSTAN» телеарнасының сән және әрлеу бөлімінің басшысы:

Біздің бет әрлеушілеріміз жиі-жиі біліктіліктерін арттырып тұрады. Өйткені телевизия саласында атқарар рөліміз өте зор. Біз тек осы жердегі тілшілер ғана емес, эфирге келген қонақтарды да сәндейміз.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Бұл жер жаңалықтар қызметінің студиясы. Қазір сіздерді жұмыс барысымен таныстыратын боламын. Яғни бұл жерде 5 камера жұмыс істейді. Әр камераның өзінің орналасу нүктелері бар. Мына қабырғада орналасқан суреттер қандай камера қандай планмен жұмыс жасайтындығын көрсетіп тұрады. Егер жоғары қарай өтетін болсақ, осы кең алаңда, осы студияда шартарапқа жаңалық тарайды.

Қазмедиа орталығында 8 телевизиялық канал мен 3 радио арна орналасқан. 22 қабатты зәулім ғимаратта 14 студия орналасқан. Яғни, аталмыш орталықтағы тілшілердің толыққанды сапалы ақпарат таратуына қолайлы жағдай жасалған.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ? /МӘСКЕУ/
11:54, 7 мамыр 2020
ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ? /МӘСКЕУ/
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
10:36, 28 мамыр 2020
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...