ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ҚАЛА КҮНІ ЖАРҚЫН ОҚИҒАЛАРМЕН ЕСТЕ ҚАЛМАҚ

19:05, 16 шілде 2019

Павлодарлықтар биыл қала күнін апта бойы атап өтпек. Шаһардың төл мерекесіне арналған думанды шаралар Усолка мөлтек ауданынан бастау алмақ. Онда тұрғындар мен балаларға арналған қызықты шаралар, көңілді сайыстар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Ал шілденің 20 күні орталық жағалаудағы Ертіс Прменад сахнасында павлодарлықтар үшін «Көркейе бер, туған қалам» атты ауқымды мерекелік концерт ұсынылмақ. Толығырақ тілшіміз айтып береді.

Биыл қала күні бұрынғыдан гөрі өзгешерек өтпек.  Ұйымдастырушылар мерекені әуелі қаланың мөлтек аудандарында атап өтуді көздеп отыр. Мұндағы мақсат – адамдарға қуаныш сыйлап, мерекені шын сездіру дейді. Мәселен, Усолка тұрғындары үшін 17 шілде күні түрлі спорттық сайыстар ұйымдасытырылып, концерт қойылады. Осы тектес шаралар 18 шілде 2 Павлодар аумағында ұйымдастырылады.

Нәйлә Ахметова, Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

Жалпы, қала күніне орай шаһарамыздың барлық мәдени ойын сауық орталықтары қала жұртшылығына арнап түрлі шаралар өткізеді. Ал 20 шілде күні орталық алаңда павлодарлықтар «Көркейе бер, туған қалам» атты ауқымды мерекелік концертті тамашалай алады. Бұл кешке белгілі қазақстандық эстрада жұлдыздары шақыртылған.

Нәйлә Ахметова, Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

Орталық жағалауда қала күні мерекесіне арналған қолөнер шеберлерінің көрмесі, спорттық және логикалық ойындардан жарыстар, ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады. Қала күніне арналған мерекелік шаралар қалаға жақын аумақтақтағы барлық елдімекендерде де атап өтілмек. 

 

Қуандық ТАНАБАС.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:54, 29 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...