ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ХАМЗА ТОҚПАНОВҚА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

18:31, 15 қазан 2018

Павлодарда аймақтың телерадио хабарын тарату бойынша облыстық комитеттің алғашқы төрағасы – Хамза Тоқпановқа өзі негізін қалаған Павлодар телестудиясының ғимаратынан мемориалды тақта орнатылды. Шараға Хамза Махамбетұлының жақындары, телевизия ардагерлері мен журналистері, және өңір атқамінелері қатысты. Хамза Тоқпанов - 20 жылдан аса уақыт осы аймақтық телевидениені басқарып, оның дамуына зор үлес қосқан дара тұлға.

Хамза  Махамбетұлы  Тоқпанов – Павлодар телестудиясының құрылуына  ат салысқан бірегей тұлғалардың бірі.  1963 жылы -  аймақта телеорталық құрылысы басталып, 1965 жылы  7 қарашада алғашқы хабарын тартты. Осы тұста ол бір ауыздан телерадио хабарларын тарату бойынша облыстық комитеттің төрағасы болып сайланып, 1986 жылға дейін табанды еңбек еткен болатын. Хамза  Махамбетұлы  еңбек еткен тұста  аймақтық телерадио хабарларын тарату  Қазақстанда алғаш болып түрлі түске өзгерді.  Білікті басшысының бастамасымен қазақ тіліндегі хабарлар көлемі ұлғайып, кәсіби теле және радио журналистер қатары қалыптасты. Биыл  Хамза Тоқпанов  көзі тірі болса, 95 жасқа толар еді.  Өкінішке орай,  өмірден ерте озған қадірлі журналисті соңынан ерген ізбасарлары ұмтытқан емес.  Келешек ұрпаққа үлгі ету мақсатында өзі 20 жылдан аса уақыт басқарған  Павлодар телестудиясы, қазіргі  «ERTIS»  телеарнасы  ғимаратынан  мемориалдық тақта ашты. Шара аясында  ардагерлер журналистер  арна басшылығы атынан алғыс хаттармен марапатталды.  Айта кетейік,  ескерткіш тақтаның орнатылуына  «ERTIS»  телеарнасы  ұйытқы болды.

 

Өзгеріс ҚУАНАР

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
11:10, 10 қаңтар 2020
МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
10:47, 10 қаңтар 2020
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...