ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ МЫҒЫМ ЕЛ

15:39, 3 маусым 2019

Еліміздің әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына биыл 21 жыл толды. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әуе қорғанысы күштері Қазақ елінің әуе шебін қорғауды қамтамасыз етеді. Жылдан жылға техникалары жаңарып, заманауи үлгідегі ұшақтармен толығуда. Мәселен, 2015 жылы сатып алынған СУ-30 СМ бомбалаушы ұшақтары, елдің әуе қорғанысын нығайта түскен.

Авиация – әуедегі қарсыластың соққыларынан аса маңызды нысандарды қорғауға арналған Әуе қорғанысы күштерінің негізгі маневрлік әскер түрі. Олар қалқалайтын объектілерден барынша көп қашықтықтағы кез-келген әуе нысаналарын жоюға қабілетті. Әуе қорғанысы күштерінің қару-жарағында күшті зымыран және зеңбірекпен қаруланған жылдамдығы дыбыстан да жоғары түрлі жойғыш истребительдер бар. Солардың ішіндегі ең соңғылары СУ-30 СМ бомбалаушы ұшақтары.

Мирас Айдарұлы, ұшқыш:

Су-30 ұшағы қазіргі заманауи ең жаңа ұшақ болып табылады. Және де осы ұшақтың арқасында тәуелсіз еліміз әуедегі ең алдағы мамлекеттердің бірі болып табылады. Осы ұшақтардың арқасында үлкен державалардан кем қалмаймыз.

Лейтенант Мирас Айдарұлының ұшақты тізгіндегеніне бесінші жылға айналды. Екі жыл Балқашта курсант боп жүргенде ұшса, Талдықорғандағы әуе базасында екі жылдан артық уақыт бомбалаушы истрибитель басқарып жүр. Соған қарамастан әлі үйренерім көп дейді жас ұшқыш.

Мирас Айдарұлы, ұшқыш:

Ұшқыш ол өмірбақи оқып өтеді. Себебі бәрін толықтай білу мүмкін емес. Егер жерде бес плюсқа білсең, ауада тек қана үшке білесің.

Қазақстан қарулы күштерінің әуе қорғанысы күштері қару жарағы жағынан ТМД елдері арасында Ресейден кейін екінші орында. 400-ден аса шабуылдаушы және 80 транспорттық ұшақтар, 300-ден артық түрлі тік ұшақтар бар.

Есенбек Санатұлы, тілші:

Су-30 СМ ұшақтарын ұшуға дайындау үшін кем дегенде бір жарым сағат уақыт керек. Арнайы мамандар күллі тетіктерін және май-сұйын тексеріп ұшуға әзірлейді. Бұл ұшақтардың ерекшелігі әуеде қарсыластардың ұшақтарын жоюға және жердегі нысандарды да құртуға мүмкіндігі зор.

Дыбыстан жылдам жойғыш ұшақтар сегіз тоннаға дейін бомба тасымалдай алады. Оны ұшуға әзірлеу үшін инженерлік техникалық құрам толықтай жұмылдырылады. Әр маманның өз міндеті бар.

Медет Әлекеев, 21751 әскери бөлімінің инженерлік-техникалық құрам командирі:

Бұл жерде инженерлік-техникалық құрамның да өзінің орны бөлек. Ол инженерлік техникалық құрамда сегіз мамандық бойынша жұмыс істейді. Біреуі керосин құйғанға жауап береді. Біреуі, креслосына жауап береді, үшіншісі бомбасына, біреуі электричество жағына жауап береді. 

Ұшқыштар жылына екі рет толық медициналық тексеруден өтіп тұрады. Бомбалаушы ұшақты меңгерген ұшқыштардың киімдері де өзгеше. Әсіресе мұндай арнайы киімді 8 шақырымнан жоғары ұшар кезде киеді.

Темірлан Бәйменов, аға ұшқыш:

Осы костюм мына шлангтар бойынша самолетке қосылады. Самолет автоматикасы бойынша давление воздухын береді. Ішінде шлангтер бар. Летчиктің аяғын денесін толық қысады да, басынан қан кетпей қалады. Егер басына қан кетіп қалса летчик есінен айырылады.     

Есенбек Санатұлы, тілші:

Жойғыш ұшақтар 500 метр жорғалағаннан кейін сағатына 350 шақырым жылдамдықта көкке көтеріледі. 18 мың метр биіктікке дейін жетіп, әуеде аударылып, төңкеріліп түрлі жаттығулар жасайды. Су-30СМ истрибитель ұшақтарының бір ерекшелігі де осында. Ал, жерге қонған кезде артынан ашылатын парашюттың көмегімен тоқтайды.

Қорғанысы мықты елдің халқы да қамсыз өмір сүрері белгілі. Талдықорған жанындағы авиабаза еліміздің әуе қорғанысын нық бекіткен.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
09:41, 12 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН Қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...