ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

11:43, 4 маусым 2020

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақсу ауылдық аймағына қарасты Қалқаман елді-мекенінде Кеңес одағының батыры Иван Суптельге ескерткіш тақта орнатылды. Айта кету керек, мемориалдық белгітас соғыс ардагері өмірінің соңғы жылдарында еңбек еткен мекеменің ғимаратына қойылды.

Кеңес одағының батыры Иван Суптель Қаламан ауылында жерленген. Делегаттар батырдың зиратына гүл шоқтарын қойды. Іле мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі басталды. Ұлықты ұлын еске алуға ауыл ақсақалдары мен қатар, өрт сөндіру қызметкерлері мен облыс орталығынан барған қонақтар қатысты.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖ департаментінің бастығы:

Елге оралган соң бейбіт өмірдің негізін қалауға ат салысты. Дұрыс айтқанда «Бұқтырма» ГЭСжәне біздің салаға қатысы бар ТЖ, су тасқыныа қатысы бар Ертіс-Қарағанды каналын салуға. Қазіргі жағдайда оның жағдайы біздің ТЖ алдын-алу өз үлесін қосып отыр. Өмірінің соңғы жылдарын Ақсу өңірінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнаған.

Ескерткіштің шымылдығын түру рәсімі адам жанына араша түсіп жүрген жас өрт сөндірушілерге бұйырды. Ол өздерінің көрсеткен іс-әрекеттір үшін «Ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталды. Ескерткіш тақта өрт сөндіру ғимаратының қаспетінде орналасқан. Бұл жерде  Иван Суптель өмірінің соңғы жылдары қызмет атқарды. Тас белгіде батырдың портретімен қоса «Мақтан тұтамыз, мәңгіге ұмытпаймыз!» деген жазу бар.

Кәкима Асқарова, облыстық ТЖД ардагерлер кеңесі  бөлімшесінің төрайымы:

Ол өмірінің соңғы жылдарында денсаулық жағдайына байланысты Қалқаман ауылындағы өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеді. Шамамен 4 жыл еңбек етті. Бүгін батырдың көзін көрген жас өрт сөндірушілер оны құрметтеп еске алып жатқандары өте орынды деп ойлаймын. Иван суптел мұндай құрметке әбден лайық адам.

Иә, бұл көптен күткен тарихи оқиға ерте ме, кеш пе орындалуы тиіс еді. Себебі, елі мен жері үшін от кешкен батырлардың есімі мәңгілік жүрегімізде болуы керек.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ? /МӘСКЕУ/
11:54, 7 мамыр 2020
ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ? /МӘСКЕУ/
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...