ШҰҒЫЛ! ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТҚАН ЕР АДАМ КОЛОНИЯДАН ҚАШЫП КЕТТІ Толығырақ

«ERTIS» АРНАСЫНДА ЖАҢА МАУСЫМ

19:21, 13 қыркүйек 2018

QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалында жаңа телевизиялық маусымның тұсауы кесілді! Жарты ғасырдан астам уақыт бойына көрерменнің көзайымына айналған арна бүгінгі күні жұмыс форматын түбегейлі өзгертіп, қалың бұқараны бірегей жобаларымен қуантуда! Салтанатты іс-шара бүгін Естай атындағы Мәдениет сарайында өтті.

Облыстық «ЕRTIS» телеарнасы көп жылдық еңбегінің арқасында павлодарлықтардың жүрегінен өз орынын таба білді. Ең бастысы экранға шығатын жаңа жобалардың мазмұны мен сапасына аса мән беріліп отыр. Мемлекет басшысының жұмысын және тапсырмаларын, ел Үкіметі, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін–өзі басқару ұйымдары және басқа да қоғамдық бірлестіктердің жұмысын ақпараттық  қолдау мен түсіндіру барысында тың форматта жұмыс атқарылуда. Күзгі маусымда «ERTIS» арнасында түрлі бағыттағы 9 жоба көрерменге жол тартты. Оның ішінде «Аманат», «Жерұйық», «1 студия» сынды ірі бастамаларды атап өтуге болады. Алайда, аймақ арнасының ішкі мазмұнынан тыс, бет-бейнесінде де толағай өзгерістер бар.       

 

ГҮЛНАШ ӘБІШЕВА - «ERTIS» телеарнасының директоры

Жаңа маусым еліміздің барлық аймақтарын қамтыды. Бүгін міне Павлодар облыстық филиалында да маусымның тұсауы кесілуде. Біз өз мүмкіндіктерімізді басқа қырынан танытуды мақсат тұттық. Облыстық «Ертіс» телеарнасы бағдарламалық кесте, эфирге шығатын әрбір заставка, хабарлардың бет-бейнелерінде де айтулы өзгерістер қолданды.

Облыстық телеарна ұжымын маусымның тұсау кесу рәсімімен  «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Қуаныш Сүлейменов құттықтады. Ұлттық арнасының жаңа маусымдағы жұмыс жоспарымен таныстыра отырып, биыл деректі фильмдер мен телехикаяларға басымдық берілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар балаларға арналған «Балапан» арнасында анимациялық жобалар көбейеді. Мәртебелі мейман «Qazsport» форматының да ерекшеліктерін алға тартты. Ал ең бастысы телерадиокорпорациясының құрамына тағы бір жаңа «Tamasha tv» телеарнасы қосылды!

ҚУАНЫШ СҮЛЕЙМЕНОВ - «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі

Жаңа маусымның презентациясына келіп отырған жанашырларымыз, қоғам қайраткерлері, ел ағалары, өнер жанашырлары сіздерге корпорация атынан ерекше алғысымызды білдіреміз. Биыл да сіздерді жылдағыдай түрлі бағыттағы жобаламен қуантамыз. Жаңа маусымда көңілдеріңізден шығарлық жобалар жетерлік.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бегентаев Мейрам Мұхаметрақымұлы болса, аймақтық арна жұмысының жанданып, жаңа деңгейге шыққанын алағ тарты.   

МЕЙРАМ БЕГЕНТАЕВ - Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Маған «Ертіс» арнасының әр өңірден тікелей эфирде жұмыс жасағаны қатты ұнады. «Әкім сағаты» ерен еңбектің жемісі. Аталмыш бағдарлама көпшіліктің жүрек төрінен орын алып үлгерді. Бір маңыздысы оған халықтың өзі қатыса алады.

Айтулы күнге орай, телеарна ардагерлері «Қазақ телевизиясына 60 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. Солардың бірі – Зәру Альшағырова. Нәзік жан иесі өмірінің 35 жылын телевизия саласына арнаған.

 ЗӘРУ АЛШАҒЫРОВА – телеарна ардагері  

Біздің телевизияның 50 жылдан аса уақыттай көрермендері бар. Бірақ мынадай маусымның ашылуы биыл ғана болып жатыр. Жаңа-жаңа жобалар көбейе берсін. Біздің Қазақстан телеарнасының көрермендері көп болсын. Журналистерге шығармашылық табыс тілеймін.      

Телеарна тарихы өте бай. Осы қабырғадан шыңдалған шәкірттер  бүгінде білікті мамандар қатарында.   

 ЖҰМАСЕЙІТ БИЖАН – телеарна ардагері

Өзіміздің шәкіртіміз, өзімізбен бірге істеген Гүлнәш келгелі өзгерді деп айтуға болады. Ардагерлер кеңесін құрып. Ардагерлермен кездесіп. Мен осы телеарнада ұзақ жылдар бойы қызмет еттім.

 ҒАЛИЯ БАЛТАБАЙ – телеарна ардагері

Жалпы мына біздің «Ертіс» телеарнасы биылғы жылы керемет жақсы жұмыс істеді. Біздің Павлодар облысында қандай мерекелі шаралар болды. Ұлттық қазағымның бетке ұстар азаматтары мысалы Бұқар жыраудан бастап Естай мерейлі тойларын біз мына «Ертіс» арнасымен өткіздік.

 Жаңа маусым – жаңа белестерге жетелейді! Құттықтай келген барлық қонақтар телеарна ұжымына шығармашылық табыстар тілеп, тың жобаларды күтетіндіктерін жеткізді.   

 

Гүлден ТӨЛЕГЕН

Тақырып бойынша материалдар

ХАМЗА ТОҚПАНОВҚА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
18:31, 15 қазан 2018
ХАМЗА ТОҚПАНОВҚА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
Толығырақ...
800 МЫҢ АДАМ КЕЛІСІМШАРТСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
10:23, 4 қазан 2018
800 МЫҢ АДАМ КЕЛІСІМШАРТСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПМУ «ПОЭЗИЯ МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
17:14, 12 қараша 2018
С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПМУ «ПОЭЗИЯ МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕ» АТТЫ ШЫҒ...
Толығырақ...
ЖАС АҚЫН ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАР АРАЛАС ЖАПЫРАҚ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
16:50, 13 қараша 2018
ЖАС АҚЫН ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАР АРАЛАС ЖАПЫРАҚ» АТТЫ Ш...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 373 АДАМ ОРНАЛАСТЫ
17:10, 12 қараша 2018
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 373 АДАМ ОРНАЛАСТЫ
Толығырақ...