ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЕРТІС АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ КЕҢЕСІ

20:07, 8 сәуір 2019

Бүгін Достық үйінде білім саласына қатысты қоғамдық кеңес комиссиясының отырысы болды. Шараны ұйымдастырушы «Ертіс адалдық алаңы» жобалық кеңсесі. Жиынға қатысушылар күн тәртібінде көтерілген өзекті мәселелер шешімін табу жолдарын талқылады.

Жобаның негізгі миссиясы,  барлық белсенді азаматтардың мүдделері мен мұқтаждарына бағытталған. Сол арқылы олардың әл-ауқатын арттыруды қолға алу және мемлекеттік органдардың жұмысын қайта жүктеу болып отыр. Тұрмыстық сыбайластыққа жол бермеу бағытындағы бұл шара қоғамға аса қажет дейді, кеңес мүшелері.

Роза Шамкенова, қоғамдық кеңес мүшесі

Міне, үш жыл бойы қоғамдық  кеңес жұмыс істеп жатыр. Құрамының 75 роценті қоғамдық бірлестіктердің мүшелері. Жұмыстың сондай нәтижелі болғанының бір белгісі, бізге қарапайым азаматтар да өз пікір-ұсыныстарымен келіп жатады. Міне бүгін «Ертіс адалдық алаңы» да жемқорлықпен бірігіп күресу жолдарын ұсынуда. Соның барлығын қараймыз. Ертіс адалдық алаңымен бірге осы шараны өткізіп  жатырмыз.

Бүгінгі отырыста «Ертіс адалдық алаңы» жобалық кеңсе ұсыныстарды қабылдаумен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдарға қайта бағыттаумен және оларды бақылауға алуды ұйғарып отыр. Ақпараттың жалпыға ортақ арналары арқылы мәліметтер жиынтығын да басты назарда ұстамақ.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
11:10, 10 қаңтар 2020
МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АӘК БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
12:24, 26 наурыз 2020
АӘК БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДЕ ТАҒЫ БІР АДАМНЫҢ  КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
23:27, 23 наурыз 2020
ЕЛІМІЗДЕ ТАҒЫ БІР АДАМНЫҢ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНЫ БЕЛГІЛІ БО...
Толығырақ...