ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

"ӘРЕКЕТ" БАЙҚАУЫ АЯСЫНДА 50-ГЕ ЖУЫҚ ГРАНТ БӨЛІНБЕК

21:45, 29 мамыр 2019

Павлодарлықтардың әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндігі мол. Биылғы жылы "Әрекет" байқауы аясында жалпы сомасы 3 млн теңгенң құрайтын 50-ге жуық грант бөлінбек. Конкурсқа кез келген коммерциялық емес ұйым қатыса алады.

Байқау үш кезеңнен тұрады. Алғашқы екеуі сырттай, электрондық мекен-жайға өтінім беру арқылы өтеді. «Әрекет» гранттар байқауы үздік бизнесті анықтауға арналған. КЕҰ өз бетінше ақша табуға баулу үшін қазіргі заманғы құралдарды, яғни  бизнес және маркетингті қолдана отырып үйретеді. Кездесу барысында жобаның қалай болатынын, не үшін қажет және қандай қателіктерден аулақ болу керек екендігі сөз болды.

Жанар Жақсылықова, әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жобалық басқармасы департаментінің бас менеджері:

Үшінші кезең шеңберінде олар әлеуметтік кәсіпкерлікке үш күндік оқытудан өтеді. Ал төртінші күні  өздерінің жобаларын конкурстық комиссия алдында қорғайтын болады.  Конкурстық комиссия гранттарды кімге тағайындауды шешеді.

Өткен жылы байқау пилоттық жоба ретінде іске қосылды. Тоғыз коммерциялық емес ұйым грант алды. Былтырғы көлем 500 мың теңгені құрады.

Татьяна Пономарева, «Берегиня био» ҚҚ жетекшісі:

Жобаның мәні әлеуметтік осал топты бау-бақша негіздеріне үйрету болды. Белгілі бір қиындықтар туындады. Қаржы жағына келетін болсақ, Самрук қазынасына алғысымды білдіремін.

Осы жобаның арқасында екі адам жұмысқа орналасты. Өткен жылы гранттар алған негізгі бағыттардың ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға оңалту көмегі, егде жастағы адамдарға медициналық көмек, экология саласындағы жобалар да бар. Бұған дейін хабарлағандай, гранттар байқауының  бірінші кезеңі 3 маусымда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.

 

Малика АХМЕТОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:54, 29 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...