ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АРТАДЫ

11:15, 29 наурыз 2019

Парламент Сенаты көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған заңды қабылдады. Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында Елбасы көмекке аса мұқтаж көпбалалы отбасылардың әлеуметтік көмек алу мүмкіндігін биылдың 1 сәуірінен қалдырмай қамтамасыз ету қажеттігін тапсырған болатын.

Түзетулер осы тапсырманы орындауға бағытталған, Заң жобасында атаулы көмек көрсету критерийін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін арттыру, аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға арналған ең төмен төлемді 20 789 теңге көлемінде белгілеу шаралары көзделген. Сондай-ақ құжатта мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған ай сайынғы жәрдемақыны және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті күтіп бағушы адамдарға ай сайынғы жәрдемақынының мөлшерін 30 пайызға ұлғайту арқылы аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселесі ескерілген. Заң жобасының аясында білікті педагогтар, дәрігерлер, полицейлер және басқа да мамандар үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен берілетін ипотеканың бастапқы жарналарын жергілікті бюджеттен ішінара субсидиялау тетігі енгізіледі. Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жолданды. Сонымен қатар жалпы отырыста Сенат спикері Дариға Назарбаева Үкімет назарын экологияға аудару керек деді.

Дариға Назарбаева, ҚР парламенті сенатының спикері 

Экологиялық мәселелерге жауапты мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға және тұрғындарға әсер ететін ешқандай ахуал жоқ деген ресми мәлімдемелеріне қарамастан, бұл апатты жағдайға нақты баға берілуі тиіс. Сондықтан осы экологиялық мәселелерді еңсеру бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігіне Үкіметтің назарын аударамын. Қажет болған жағдайда осы салаға қатысты заңнамаға тиісті түзетулер енгізу жұмыстарын қолға алған жөн.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:54, 29 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...