ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

20:54, 29 тамыз 2019

Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев атом сынақтарына қарсы келісім ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті. Елбасы мәртебелі мейманды марапатымен құттықтап, атомсыз әлемге қосқан үлесі үшін алғысын айтты.

Өз кезегінде Лассина Зербо Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімін жоғары бағалап, әлемде атом қаруынан бас тартқан батылдығын өзгелерге үлгі етті. Сондай-ақ бүгін Елбасы МАГАТЭ ұйымы бас директорының орынбасары Мэри Элис Хейуордпен кездесті. Тараптар бейбіт уран банкі жөнінде, қазақстаннның ұйыммен байланысы және болашақ жоспарлары жайында пікір алмасты. Қазақстанның тұңғыш президенті МАГАТЭ ұйымының бұрынғы басшысы, марқұм болған Юкия Аманоның отбасымен де кездесті. Меймандар Елбасыға жоғары деңгейде құрмет көрсеткені үшін алғыс айтты. Бүгінгі шараның маңызына тоқталып, қазақстанның әлемдік қауіпсіздікке қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...