ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

БАСТЫ НАЗАРДА ЖУРНАЛИСТЕР КҮНІ

17:04, 28 маусым 2020

28 маусым – БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі. Күн демей, түн демей, ақпарат жинап оны фактқа сүйеніп халыққа уақытылы тарататын да осы журналист қауым. Аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат олар халық пен билік жанынан табылып жатады.

Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы. Халыққа жедел ақпарат таратушы төртінші билік өкілдері. Бір ғана сюжеттің, мақаланың жарық көруі жолында қаншама адам жұмыс істейді. Тілшілер, операторлар, редакторлар, монтаждаушылар. Мереке қарсаңында бұл салада аянбай еңбек еткен үздіктер түрлі марапатқа ие болды.

Нұргүл Қайырденова, «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ ПОФ төрайымы:

Ертіс телеканалының сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, шабыттарыңыздың шыңына ұшқан құс жетпесін. Қаламдарыңыздан қасиет кетпесін. Жақсы соңғы жаңалықтар көп болсын. Сіздер тек жақсы жаңалықтар күткен оқырмандарымыз, көрермендеріміз көп болсын.

ҚР мәдениет және спорт министрілігінен телеарнамыздан Гүлнар Олжабаева, Әлия Дәулеталиеваға Алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорацияның Алғыс хатын тілші Мұрат Әбілмәжит, режиссер Ерсін Бекенов иеленді. Ал, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Алғыс хатына Ертіс телеарнасының тілшісі Аяулым Рахымжанова, Құрмет грамотасына дыбыс жазушы Анар Егембердиева, өңір басшысының грантына тілші Мұрат Әбілмәжит, монтаждаушы Әйгерім Марденова және оператор Дәулет Қошқарбаев ие болды. Ал, шаһар басшысының алғыс хатымен тележүргізуші Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші Сабина Рахимбай марапатталды.

Зұлқарнай Ермұратұлы, «ERTIS» телеарнасының тележүргізушісі:

Қара шаңырағымызға айналған «Ертіс» телеарнасына 2018 жылдың қысында келгем. Содан бері жаңалықтарда, «Ертіс таңы» бөлімінде қызмет атқардым. Кәсіби мерекемізге орай құттықтағаны көңілімізді толықтырып отыр. Жылына бір рет келетін мерекеде мерейімізді асырып, үстем етіп тұрған қалалық әкімдік тарапына жалпы барша департаменттерге алғысым шексіз. Өсе берсін гүлдене берсін.

Ендеше, осы саланың төңірегінде жүрген, сөз, қоғам және ар жауапкершілігін арқалаған мамандық иелерін төл мерекемен құттықтаймыз. Өз оқырмандарыңыз бен көрермендеріңіздің, тыңдаушыларыңыздың таңдаулысы болып қала берулеріңізді тілейміз! 

Самал Қалиқызы, тілші:

Тілшілік қызмет қызық пен шыжыққа толы. Ауа райының қолайсыздығы, аяз, боран, аптап ыстық бұл саладағы жандарға кедергі емес. Ақпарат майданында тілші болу сіз бен біз ойлағандай оңай емес.   

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ? /МӘСКЕУ/
11:54, 7 мамыр 2020
ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ? /МӘСКЕУ/
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...