ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

19:10, 31 шілде 2019

Павлодар облысы еліміздегі өнеркәсіп жағынан дамыған аймақтардың бірі. Осыған байланысты атмосфералық ауаның күйі жиі өзгеріп тұрады. Оттегінің ластануына алпауыт зауытта көп әсер етеді. Қазіргі уақытта атмосфералық ауа қаншалықты зиянды заттарға толы? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі боды.

Қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтардың 66 %-ы аймақтағы жылуэнергетикасы кәсіпорындарының әсерінен болып отыр. Түсті және қара металлургия саласындағы зауыттарда 23,6 %, пайдалы қазбалар саласынан 1,7 % қалдық шығады. 2019 жылдың І жартысындағы мониторинг қорытындысы бойынша ауаға 340 мың тонна зиянды заттар тасталғандығы анықталған. Яғни, былтырғымен салыстырғанда жағдай өзгермеген.

Әсел Мұхаметжанова, облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

мамыр айында павлодар аллюминий зауыты гидрометталлургиялық цехтың түтін газдарын тексеру нәтижесінде күкіртті сутек анықталды. бұл зиянды зат бойынша залал 39 млн теңгені құрады. құралдарпдың көмегімен жүргізілген өлшеу барысында №2 кальциназия пешінен шығарылатын азот оксиді бойынша шекті рұқсат етілген көрсеткіштері нормативтерінің артқаны тіркелді. зиян көлемі 2 млн теңгені құрады.

Сонымен қатар соңғы үш жылдағы есептік мәліметтерге сәйкес 2016-2018 жылдар аралығында эмиссиялардың 163 мың тоннаға өскендігі байқалады. Бұл ірі өндіріс ошақтарындағы шикізат базасының алмасуына байланысты. Осыған байланысты экология департаменті 2019 жылдың 1 жартыжылдығына экологиялық қауіптілігі жоғары кәсіпорындарда 12 мәрте тексеріс жұмыстарын жүргізген.

Әсел Мұхаметжанова, облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Сонымен қатар тексеріс барысында күл үйіндісін реконструкциялау кезінде күлді годрожою жүйесін демонтаждау барысында құрғақ күл жағажайдарының шаңдануы анықталды. Қазіргі уақытта «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰҚ АҚ мен экология департаменті әуеғарыштық түсірілімдер жүйесі арқылы шаңданған аумақты анықтап жатыр. Кейін экологиялық зиян көлемі белгілі болады.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығында инспекциялық қызмет 32 тексеріс жүргізген. Оның 12-сі жоспарлы, қалған 20-сы жоспардан тыс. Нәтижесінде жалпы соммасы 2 млн. 588 мың теңгені көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі таңда оның 265 мыңы орындалу үстінде.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:54, 29 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...