ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АРНАМЫЗДЫҢ ТУҒАН КҮНІ

19:25, 7 қараша 2019

54 жыл бұрын 7-қараша күні Павлодардың телестудиясы алғаш рет хабар таратып, эфирге шықты. Сондан бергі жарты ғасырдан артық уақытта атауы бірнеше мәрте ауысқанымен, еш үздіксіз көрермендерінің көзайымы болып келеді. Ертіс-Баян өңірінің басты телеарнасы бүгінде ақпарат айдынында өз орнын тапқан медиа ресурс.

Өткен ғасырдың 1961 жылы Павлодар телеорталығының құрылысын бастау туралы телерадио комитеттің шешімі қабылданған. Ал, 1965 жылдың 7-қарашасында телестудия көрерменге алғашқы бағдарламасын ұсынып, тұңғыш рет эфирге шықты. Содан бері бұл күн телеарнаның туған күні болып саналады. Ал, 70-ші жылдары Павлодар телевидениесі республикадағы алғашқылардың бірі болып түрлі-түсті эфир таратуға көшті.

Жұмасейіт Бижан, телеарна ардагері, қазақстан журналистер одағының мүшесі:

Бұл кезде әлі де болса техникалық жағынан өте қиын кезеңдер еді. Мысалы, кинокамерамен түсіріп әкелген материалдарды монтаждау үшін, камераның ленталарын қиып, келесі түсірілген лентаға клеймен жабыстырып, қысып, солай монтаждайтын.

Бүгінгі күні телеарна өз көрермендеріне бірегей 24 телевизиялық жоба ұсынып отыр. Арнаның кадрлық әлеуеті мен ақпарат беру әдіс тәсілі жылдан жылға артып келеді.

Есенбек Санатұлы, қазақ редакциясының жауапты шығарушысы:

Жарты ғасырдан астам уақыттың ішінде біздің телеарна атауы бірнеше рет ауысты. Міне, соңғы екі жылдан бері «ERTIS» телеарнасы деп аталып келе жатырмыз. Бұл да бір үлкен өзгерісті көрсетеді. Соның ішінде жаңалық пен ақпарат берудегі технологиямыз да өзгерді. Қазір біздің тілшілеріміз ақпарат іздеп, шалғайдағы ауылдарға дейін, көршілес облыстарға, тіптен мына іргедегі Ресей еліне дейін барып, келіп жүр.

Телеарна аптасына 18 сағат тікелей эфирге шығады. Жылжымалы техникалық станция айына 3 рет аумақтан тыс хабар таратады. Бұл көрерменмен байланыс жасауға, сәйкесінше, қазіргі телевизиялық тенденцияларға сай болуға септігін тигізеді. Алдағы уақытта да, бұл үрдіс жалғасын тауып, көрерменге тың туындылар  ұсынылмақ. Аймақтың басты арнасы әр үйде қосулы болсын.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
11:26, 6 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...