ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

АЛТАЙ ӨЛКЕСІНІҢ КЕРЕЙ АУЫЛЫНДА ҮШ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАҚ ЭТНОСЫ ТҰРАДЫ

19:12, 22 қараша 2018

Қазақстан телеарнасы ұялы телефонда. Павлодар облыстық "Ертіс" телеарнасының журналистері Ресейдегі қандастарымызға «Қазақстан» – «Балапан» және «Казспорт» Ұлттық телеарнасының смарт - қосымшалары туралы айтып берді. Тұсаукесер Алтай өлкесінің Құлынды ауданы Керей ауылының Мәдениет үйінде өтті.

Алтай өлкесінің керей ауылында үш жүзге жуық қазақ этносы тұрады. Журналисттермен өткен кездесуге елді-мекеннің тұрғындарынан тыс, жергілікті қазақ диаспорасы да жиналды. Көрші Құлындыда 36 ұлт өкілі тұрады. Құлынды мен Павлодар өңірі экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланысын үзген емес. Енді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының мобильдік қосымшасы арқылы тағы да жақындаса түспек. Қазақстандық мобильді қосымшалардың тұсаукесері ойын түрінде өтіп, «Балапан» арнасы балаларға тәтті сыйлықтар тарту етті.

СЕРГЕЙ БАЛУХИН, ҚҰЛЫНДЫ АУДАНДЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ

Балалар үшін өте ерекше іс-шара болды деп айта аламын. Балғындардың қуанышында шек жоқ. Біз екі мемлекет үшін әлеуметтік-мәдени міндеттерді шешуге тырысамыз.

Құлынды аудандық қазақ ұлттық-мәдени автономиясының басшысы Нұрғайша Баринованың айтуынша, кішкентай ауыл үшін телеарналардың тұсаукесеріне куә болу – елеулі оқиға. Маңызды шараға үлкені мен кішісі бірдей атсалысты.  Ресейде тұратын қазақтар үшін бұл оқиға үлкен маңызға ие болды. Мобильді қосымша қазақстандық телеарналардың қолжетімділігін арттырды.  Ана тіліндегі хабарларды онлайн режимде көру қазақ диаспорасының көңілінен шықты.

 

Марина САХАРОВА, Гүлмира БАҚТИЯРОВА 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
11:10, 10 қаңтар 2020
МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
10:47, 10 қаңтар 2020
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...