ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ ОБЛЫС БОЙЫНША 11000 АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

21:01, 29 қараша 2018

Елдегі ағайынды жұмыспен қамту мәселесі белсенді жүзеге асуда. Ағымдағы жылы ауыл және шағын қала тұрғындарына өз ісін бастауға республика бюджетінен 1, 785 млрд теңге қаражат бөлінді. Нәтижесінде 403 жоба жүзеге асып, 579 адам жұмыспен қамтылды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Елді-мекендегі тұрғындар арасында жұмыссыздықты жою мақсатында үкімет тарапынан біршама жұмыстар атқаралып келеді. Мәселен, 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 827 ауыл азаматы кәсіби және техникалық білім алды. «Бизнес-Бастау» көмегімен 1179 адам арнайы оқыту курстарынан өтті. Ауыл және шағын қала тұрғындары үшін несие беру мақсатында республика бюджетінен 1, 785 млрд теңге қаражат бөлінді. Нәтижесінде 403 жоба жүзеге асты. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының азаматтық мәртебесін айқындау ісі өзекті болып тұр. Елде белгілі бір еңбек түрімен айналысқанмен өз ісін заңдастырмайтын тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. 

ҚАЙРАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ауылда белгілі бір мәртебесі жоқ 73000 адам тұрады. Бұл мәртебесі жоқ жеке тұлғалардың жалпы санынан 69 пайыз құрайды. Жылдың басынан бастап 58 мың адам ауыл тұрғындарының мәртебелері өзектендірілді. Бұл 79,9 пайызды құрайды. Оның ішінде 2600 адам ауыл тұрғыны мемлекеттік кірістер органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. 22600 адам өз еңбек қатынастарын заңдастырды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Нұрмағамбетов туған еліне қайтып келемін деуші бауырларымыздың да жағдайын қарастырудамыз дейді. Қоныс аударушылар мен оралмандарға Павлодар өңірі бойынша 226 елді-мекеннен 700-ге жуық баспана қарастырылған. Ендігі мәселе оларды жұмыспен қамтуға келіп тіреледі. 

ҚАЙРАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жұмысқа жарамды жастағы азаматтардың жалпы санынан 59,5 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған. 12 пайызы өз өзімен жұмыспен қамтылған және 10 пайызы жұмысқа орналастыруға мұқтаж. 1545 адам оралмандар облыстың аудандарында ораналастырылған.

Бүгінгі таңда елді-мекендерде 105 мамандық бойынша жұмысшылар жетіспейді. Соның ішінде малшы мен агрономдар тапшы.

БОЛАТ БАҚАУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ағымдағы жылдың соңына дейін «Еңбек» бағдарламасы бойынша атқарылуға тиіс жұмыстар толық орындалатын болсын. Қоныс аударушылар мен оралмандар 100 пайыз жұмыспен  қамтылсын.

Жалпы есепті алғанда ағымдағы жылы облыс бойынша 11000 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды. Осылайша ауылдағы жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызға дейін төмендеді.

 

Гүлден ТӨЛЕГЕН

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:54, 29 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...