ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

23 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КІТАП КҮНІ

19:56, 23 сәуір 2019

23 сәуір дүниежүзілік кітап күні. Осыған орай, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Оқитын Павлодар» атты фестиваль ұйымдастырылды.

Дәстүр бойынша кітап фестивальдері қонақтарға әдеби кездесулерге қатысуға, сүйікті жазушыларымен қауышып олардың қолтаңбаларын алуға, жаңа кітаптар мен жаңа жобалардың  тұсаукесеріне қатысуға үлкен мүмкіндік сыйлайды. Біздің  облыстық кітапхана фестивалі де дәл бүгін осындай тосын сыйларға толы болды. Аталмыш іс шара Дүниежүзілік кітап және авторлық хұқық күніне орай ұйымдастырылған. Бұл күн ЮНЕСКО-ның шешімімен мәдени дәстүрлерді насихаттау және дамыту мақсатында, сондай-ақ кітаптің білім берудегі ең маңызды құрал әрі сенімді серік екенін ескере отырып, жыл сайын аталып өтіледі.

Марал Тәженова, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі:

Бүгін біздің облыстық кітапхана НОН-стоп режимінде бірнеше алаңда, бір уақытта үлкен кездесулер өткізіп жатыр. Кітаптың маңыздылығын көтеруге,  кітапханаға оқырмандарды тарту үшін осындай үлкен шаралар өткізіліп жатады.

Мәселен, Испания елі  дәл осы күні кітап сатып алатын кез келген адамға қызыл раушан гүлін сыйға тартады. Облыстық кітапхана мерекесі де осы әсерлі дәстүрмен шараларының шырайын келтіре түскен. Сондай-ақ павлодарлықтар «Кітап сиқырының жәрмеңкесі» атты алаңында қаламыздағы кітап үйлері мен дүкендер желісінің жаңалықтарымен таныса алды. Қазіргі заманғы әдебиетті «Әдеби олимп» бөлімінде  павлодарлық ақын Сүлеймен Баязитов таныстырса, Жарқынбек Амантайұлы өз оқырмандарына «Ескі заман» атты жаңа кітабін ұсынды. Шараға қатысушылар шынымен де рухани азық алып, жан сарайын кеңейте түскені анық. 

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:54, 29 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ МАГАТЭ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...