ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ САМБО САЙЫСЫ

15:23, 3 наурыз 2020

Демалыс күндері Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 31жыл толуы мен Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай жасөспірімдер арасында самбодан турнир ұйымдастырылды. 2005-2010 жылғы қатысушылардың жеңіске деген құштарлықтары көрермендерді таң қалдырды. «Баянтау» спорт кешенінде өткен бәйгеге барлығы 150-ден астам бала қатысты.

Самбо күресі - екі спортшының боз кілемде белдесетін спорт түрі. Қатысушылардың сайысқа деген дайындығы мықты болып шықты. Олар қарсыластарына үрей туғызып көрермендердің көңіл-күйін көтерді. Турнир нәтижесі бойынша жеңімпаздарға республикалық жарыстарға жолдама берілмегенімен, бұл сайыс ең алдымен Ертіс-Баян өңіріндегі самбо күресінің деңгейін анықтау үшін қолға алынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, самбо спорт түрі келешекте олимпиадалық деңгейге өтуі үшін бар күш жігерімізді салып жатырмыз, дейді.

Еркінбек Шантеков, самбодан халықаралық дәрежедегі төреші:

Осы жарыс 2005-2010-шы жылғы ұлдар мен қыздар арасында. Бұл жарыстың деңгейі халықаралық. Бірақ, ауа-райының қолайсыздығына байланысты, коронавирустың себебінен Моңғолиядан команда келе алмай қалды. Ресей мен Моңғолияның шекарасы жабық қазір. Содан кейін, дауыл бұрқасын желдің кесірінен, Омбы қаласынан өзіміздің қандас-бауырларымыз 30 шақты бала осы жарысқа қатысушы еді, оларда келе алмай қалды.

Жас палуандардың жарысқа жақсы дайындықпен келгені көрініп тұрды. Түрлі әдіске салып, тартысты белдесу көрсетті. Жарысқа қатысушылардың айтуынша, олардың барлығы күрестен және өз шеберлігін көрсету мүмкіндігінен үлкен ләззат алды.

Әлижан Илсаев, жарысқа қатысушы:

Мен осы жарысқа 1-ші орын алу үшін келдім. Себебі, бұл халықаралық жарыс. Ал мен халықаралық жарысты 1 рет ұтқанмын. Маған осы спорт түрі ұнайды.

Айта кетерлігі, мұндай турнирлер жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қалалық ауған ардагерлері одағы, жас бүлдіршіндерге осындай шаралар өз пайдасын тигізеріне сенімдері мол.

Ғалымжан Шарапатов, қалалық Ауған ардагерлері одағының төрағасы:

Балалардың арасында жарыс өткізіп жатырмыз. Жыл сайын өткіземіз. Ауған жерінен шығарылғанына биыл 31 жыл толып жатыр. Соған арнайы самбодан үлкен осындай жарыс өткізіп жатырмыз. Бізде бұдан басқа шаралар көп, бірақ балалардың болашағына қарап қазір істеу керек деген оймен өткізіп жатырмыз. Ойымыз сол. Сол балалардың арасынды әрдайым осындай шара өткіземіз.

Аталмыш жарыста барлық жүлдегерлер, әр салмақ дәрежелері бойынша марапатталып, жеңімпаздар алтын, күміс және қола медалдерді мойындарына тақты. Сонымен қатар, әділ бағасын берген төрешілерге де сыйлық қарастырылған.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:03, 9 шілде 2020
ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар