ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖАС БОКСШЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

12:32, 5 желтоқсан 2019

Қостанай қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Республикалық турнирде жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінді. Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген жарыста Қожамжар ауылының өрені Әділ Қасымов өз салмағында бірінші орынға ие болған.

Республикалық турнир 2006-2007 жылы туған балалар арасында ұйымдастырылды. Ауқымды додаға көрші мемлекеттерден де спортшылар келген. Әділ Қасымов 3 кездесу өткізіпті. Барлығында уақытынан бұрын жеңген. Бірінші жекпе жекте Рудный қаласының жас былғары қолғап шеберін ұтса, екінші кезеңде Тәжікстандық боксшыны қапы қалдырды. Ал, финалда  шаршы алаң қожасы Қостанайлық спортшымен қолғап түйістіріп, бұл жолы да уақытынан бұрын қарсыласын жеңе білді. 

Әділ Қасымов, республикалық турнир жеңімпазы:

Бірінші раундта жеңдім. Екінші бойда Таджикистанмен шықтым. Қарсыластар орта деңгейде болды. Жақсы жарыс өтті.

Әділ бокспен 4-сыныптан бері айналысады. Осы жылдың тамыз айынан бастап оны Руслан Бекенов жаттықтырып жүр. Естеріңізге салып өтейік, тамыз айында Қожамжар ауылында жаңа бокс залы қолданысқа берілген болатын. Заманауи жабдықталған алаңда шынығатын балалар еңбектерінің жемісіне қол жеткізуде. Қазір бұл залда 18 бала дайындалады.

Руслан Бекенов, бокс бапкері:

Жақын арада Қарағандыға барып келдік. Ол жерде ҚР-ның Ұлттық біріншілігі өтті. Біздің ауылдың екі баласы павлодар облысының құрамасы сапында өнер көрсеткен еді. Ол жерде Баян Данияр үшінші орынға ие болды. Спорт шеберіне үміткер дәрежесін қорғап шықты. Сонымен қатар ол Талдықорған қаласында өтетін Ел Чемпионатына жолдама алды.

Жаңадан бой көтерген спорт залында шыныққан балғындар биік белестерді бағындырары сөзсіз.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...