ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ЖАҢА ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

20:18, 10 қыркүйек 2019

Қаламыздағы №2-ші мектеп ауласында жаңа футбол алаңы ашылды. Салтанатты шараға орай мектеп оқушылары арасында жарыс ұйымдастырылып, үздік командалар анықталды.

5- қыркүйекте басталған қала мектептеріндегі денсаулық апталығы аяқталып, осы аралықта өткізілген аяқ доп турнирі де қорытындыланды. Жарыстың жабылу салтанаты жаңа футбол алаңының ашылуына да тұспа-тұс келді. Шара барысында «Ертіс» футбол клубының ойыншылары жас футболшыларға шеберлік сабағын өткізді.  

Саян Мұқанов, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

Денсаулық аптасы шеңберінде осындай тамаша турнир ұйымдастырылған болатын. 3-4-5-ші сынып оқушылары қала мектептерінен белсенді қатысты. Алдағы уақытта да осындай белсенді қатысып, денсаулық аптасы болсын жалпы салауатты өмір салтын ұстанады деген ойдамыз.

Жаңа стадионның құрылысына қаралық бюджеттен 45 миллион теңге қаржы жұмсалды. Жасанды төсеніш жабындысы бар алаң, заман талабына сай жабдықталған. Ал, денсаулық аптасы аясында өткізілген турнирге қала мектептерінен 15 команда қатысып бақ сынады.   

Темірлан Рысбек, жарысқа қатысушы:

Бүгінгі жарыс біз 43-ші мектеппен ойнаймыз, ол өте ауыр бізге команда. Мен футболды жақсы көремін сондықтан ойнаймын. Бүгін бізде поле ашылуы, сондықтан біз 43-ші мектеппен ойнаймыз.

Турнир қорытындысы мынадай: 1 орынды №21 мектеп иеленсе, 2 орынды №24 мектеп, 3 орынды №22 мектеп қанжығасына байлады. Қала әкімдігі мен облыстық футбол федерациясы турнир жеңімпаздары мен республикалық жобаға қатысушы мектептерге доптарды сыйға тартты.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...