ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ВОЛЕЙБОЛШЫ БОЙЖЕТКЕНДЕР ДАЙЫН

16:07, 11 қыркүйек 2019

Төрт күннен кейін волейболдан әйелдер арасындағы ел кубогы басталады. Жүлдеге үміткерлердің қатарында әдеттегідей павлодарлық «Ертіс-Қазхром» бар.

Павлодарлық қыздар үлкен жарыс алдындағы оқу жаттығуларын Бурабай мен Ресейдің Сочи қалаларында пысықтап қайтқан. Омбыдағы шағын турнирге де қатысты. Енді, Өскеменге аттанар алдында өз алаңдарында соңғы жаттығуларын өткізіп жатыр. Биыл команда құрамында азын аулақ өзгерістер бар. Артқы қапталдың ойыншыларын ауыстырған.

Светлана Котова, «Ертіс-қазхром» волейбол командасының бас бапкері:

Ойнады, көрдік. Барлығы дайын. Негізі артқы жаққа төрт ойыншы керек еді, үшеу алдық. Пас беретін екі мықты қыздарымыз бар.

Өскеменде жалауы желбірейтін қазақстан кубогіне сегіз команда қатысады. Олар екі топқа бөлінген. Шығыс Қазақстанның екі командасы «Алтай» мен «Алтай-2», Қызылжардың «Қуанышы» және «Тараз» бір топта. «Ертіс-Қазхромның» қарсыластары «Жетісу» мен  «Жетісу-2», сондай-ақ «Алматы» командалары. Естеріңізге сала кетсек, волейболдан әйелдер арасындағы ел кубогы 15 қыркүйек күні басталады. Павлодарлық бойжеткендердің алғашқы қарсыласы алматылық қыздар.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Мурат АБИЛМАЖИТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...