ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ТРИАТЛОННАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

19:02, 13 тамыз 2019

Павлодарда триатлоннан үшінші облыстық чемпионат өтті. Бұл жолы сайысқа үш жас категориясы бойынша 40-тан астам адам қатысты. Спортшылар мен әуесқойлар бірінші орынға бақ сынасты.

Жарысқа Павлодар облысының түкпір-түкпірінен 40 спортшы қатысты. Оларға суда жүзуден 750 метр қашықтықты, велосипедпен 25 шақырымды және жүгіруден 5 шақырымды бағындыру керек болды.  Қыздар арасында бірінші болып Татьяна Миргородская алға шықты. Татьяна жақында Омбы қаласында өткен марафонға қатысқан болатын.

Татьяна Миргородская, жеңімпаз:

Өте қиын. Бірақ мен бұл жарысқа жыл бойы дайындалдым. Сондықтан болар қиындық соқпады. Шындығында бүгін аса қиын болмады. Жүзуден де, жүгіруден де қиналмадым. 

Нәтижелерге қарамастан, Татьяна Миргородская республикалық чемпионатқа қатыспайтынын айтады. Міне, жеңісті сәт. Дәл осы бірнеше секунд ішінде павлодарлық спортшылар демалыс күндері бақ сынасты. Ерлер арасында жеңімпаз атану үшін жүзу сынағы қиын болды. Себебі Павел Гацкийдің өзі - велоспорттан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Павел Гацкий, жеңімпаз:

Маған жүзу қиын болды. Өзімді жинақтап, бір спортшының соңынан жүздім. Велосипедпен жүріп өту қиын болмады. Бұл менің спорт түрім. Дәл ақтық сында таусылып қалмас үшін бас кезіңде аса күшімді жұмсамадым.

Триатлоннан Қазақстан чемпионаты 24-25 тамыз аралығында өтеді. Облыста ұйымдастырылған кезең, дәлірек айтсақ, дайындық кезеңіне айналды.  Республикалық жарысқа тіркелу аяқталды. Тіркелу іріктеу арқылы жүзеге асырылады. Жарысқа қатысушылар саны алпыс адам аспауы тиіс, яғни спортшылар толық. Чемпионаттағы қашықтық ұзағырақ, 1,5 шақырым жүзу, 40 шақырым велосипедпен жүру және 10 шақырым жүгіру. Барлық спортшылар лайықты мадақтама қағаздар және медальдармен марапатталды.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА, Сабина РАХИМБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
12:24, 30 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...