ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР

09:43, 8 қараша 2019

Жаңалықтарымызды спорт ақпаратымен түйіндейміз Павлодардағы «Шахмат үйінде» облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесіне арналған тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир басталды. Биыл 12-ші рет ұйымдастырылып жатқан байрақты бәйгеге 400-ге жуық тоғызқұмалақшы қатысып жатыр. Турнир екі күнге жалғасады. Оның ашылуына газет ардагерлері мен журналистері, өңірдегі спорт саласының майталмандары мен қадірлі қонақтар қатысты.

Дәстүрлі турнир Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізіледі. Мақсат - тоғызқұмалақты көпшілік арасында кеңінен насихаттап, бұқаралық спорт түріне айналдыру және де атадан балаға мирас болып келе жатқан төл спортымыздың дамуына үлес қосу. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен барлық облыстан 4-пен 70 жас аралығындағы әуесқой спортшы қатысып жатыр. Олар жас шамаларына қарай бес топқа бөлінген.

Нұрбол Жайықбаев, «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторы:

Осыдан 3-4 жыл бұрын «Сарыарқа Самалы» газетінің жүлдесі үшін арналған турнирде қатысушылар саны 200-250 бала болатын. Былтыр біз 400-ге жеттік. Биыл да сол межені бағындырамыз деп отырмыз. Себебі, жыл сайын тоғызқұмалаққа қатысушы балалар саны өсіп келеді. Сол себептіден, біз оны 2 жыл бұрын республикалық деңгейдегі шара деп жарияланған болатынбыз. Сондықтан, бұл жерде жаттықтырушылар да, балалар да ойынға келіп, өздерінің шеберліктерін шыңдауға жыл сайын күтіп жүреді.

Жарыс алғаш рет 2008 жылдың желтоқсан айында басылымның 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Оған әр жылдары тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, ұлттық ойынның жанашырлары қатысып келді. Мамандар, өңірде ұлттық спорттың дамып келе жатқанын айтады. 

Дастан Қапаев, тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы:

Жалпы Павлодар облысының спортшыларын айтып кетсек, жағдайлары жақсы. Қазақстанда общий рейтинг болады. Сол общий рейтингта 1-ші орын алып тұратын команда. Анда-санда 2-ші, 3-ші орындарды алып қалады, бірақ жалпы тұрақты ойнайды. Алдымызда командный чемпионат өтті Өскемен қаласында. Сонда Павлодардың 20 жасқа дейінгі командасы 1-ші орын алды.

Бұл ойын түрінің ерекшелігі жас таңдамайды. Сол себепті, еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін ойнай беруге болады. Биылғы жылғы республикалық турнирге 400-ге жуық қатысушы тіркелген. Болашақта рекордтық санға жетеміз деп отыр, ұйымдастырушылар.

Ернұр Алиакбар, тоғызқұмалақтан спорт шебері, қатысушы (Алматы облысы):

Бұл жарысқа тұңғыш рет келіп отырмыз. Бірақ біздің облыстан былтыр осында 4 команда келген. Биыл 2 команда келіп отыр. Сондықтан біз үшін жақсы жарыс балаларды тексеруге, өзімізді тексеруге. Қарсыластар осы жарыста қарап тұрсаң, көбінесе жас жігіттер. Шыны керек ішімде бір қорқыныш болып тұр. Олармен бірге ойнауға. Жақсы ойын күтемін өзімнен. Бірақ негізгі мақсат-бұл жақта оқушыларды тексеру.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады. Сонымен қатар, «Ең жас тоғызқұмалақшы»,  «Тәлімді бапкер» аталымдары мен «Ардақ Райымбеков» атындағы арнайы жүлде қарастырылған.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:03, 9 шілде 2020
ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар