ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

СЫРҒАНАУДАН ЖАЗҒЫ ЧЕМПИОНАТ АЯҚТАЛДЫ

19:18, 15 тамыз 2019

Спорт жаңалықтарына ойыссақ. Павлодарда ұлдар мен қыздар арасында шаңғы роликпен сырғанаудан жазғы ел чемпионаты аяқталды. Биылғы жылы қатысушылар қарасы жылдағыдан қалың. Аталмыш сында еліміздің әр-тарабынан келген 270 спортшы өзара үздікті анықтады.

Ролик шаңғымен сырғанаудан жағзы чемпионат Павлодар жерінде 10-шы жыл қатарынап өткізіліп келеді. Биыл 9 облыс және екі қаладан барлығы 271 спортшы бақ сынауда. Сонымен қатар ауа-райы да тамаша қолдау болып тұр, - дейді, сайыс төрешісі. Жыл өткен сайын жарысқа қатысушылар жақсы нәтижелер көрсетуде.

Евгений Кисляков, чемпионаттың бас төрешісі:

Әрине, осыдан 3-4 жыл бұрын павлодарлықтардің ешбірі медаль ала алмады. Ал, алғаш рет қыздар жүлдеге қол жеткізгенде маңдайымыздың бағы бес елі еді. Былтыр көрсеткіштеріміз едәуір жақсы болды.

Қазақстандық спортшылар үш бағыт бойынша сынға түседі. Кросс, серпе сырғанау және классикалық стиль. Сайыстың бірінші күнінде жерлестеріміз 5 медальге қол жеткізді. Шығыс Қазақстан облысының өкілдерінде де дәл сондай жүлде. Бұл қатарда железинкалық Влад Муллер алтын алқаны қоржынға салған. Ал, екінші жарыс күні оңайға соқпады. Өкініншке қарай біздің спортшылар үздіктер қатарына ілінбеді. Ал, қарсыластардың ойынша павлодарлықтарға тең келері болмаса керек.

Берік Боранбаев, чемпионат қатысушысыұр-Сұлтан қ,):

Менің ойымша Павлодар жері шаңғы спортынан үздік облыс. Олар, әрқашан, кез-келген жағдайда үздіктер қатарынан көрінетініне сенімдімін. Мен сайыстың бірінші күнінде жақсы өнер көрсеттім. Қателемпесем былтырғы жылы 30-шы орын алғанмын. Биыл 3-ші орынға қол жеткіздім. Жарыстың екінші күні де мен үшін сәтті өті. Алтын алқаны қоржынға салдым. Ал, бүгін ересек балалар сынға түсіп жатыр. Мен ортаншы топтамын.

Чемпионат 11 тамызда басталып, бүгін аяқталды. Павлодарлық спортшылардың биылғы жылғы көрсеткіштері жаман емес. Бұдан бөлек өңірімізде жыл сайын қысқы шаңғы жарыстары да дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Соңғы екі жарыста жалпы командалық емепте павлодар облысы 3 орынға тұрақтаған. Ал, бірінші екінші орынды Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстары өзара бөлісті.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Валерия СТЕПЧУК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...