ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

СПОРТ СТАДИОНЫ САЛЫНУДА

17:17, 22 тамыз 2020

Баянауыл ауданы Майқайын кентінде «Ауыл ел бесігі» бағдарламасының аясында спорт алаңы салынуда. Стадион бұқаралық спортты дамытып, тұрғындарды салауатты өмір салтына баулуға қызмет ететін болады.

Әйгерім Бозанбаева, тілші:

Қазіргі уақытта Майқайын ауылында үлкен спорт стадионы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 1-ші тамызда басталды. Жоспар бойынша, Алдағы 1-2 айдың көлемінде бұл жердегі жұмыстары толығымен аяқталып, тұрғындардың қолданысына беріледі. Осындай үлкен спорт алаңы жергілікті тұрғындардың спортпен шұғылдануына үлкен мүмкіндік береді.

Спорт стадионының жалпы аумағы – 105 және 62 метр. Алдағы уақытта мұнда трибуналар, санитарлық тораптар, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер болады. Сондай-ақ,  алаңда ұзындығы 400 метрлік жүгіру жолағы да салынады.

Өміртай Шәріпжанов, Майқайың кенті балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

10 мың халқы бар кентімізде көптен күткен жаңалық. Балаларға жеңіл атлетикадан спортпен шұғылдануға, балалар кросс жүгіріп, үлкен футболды дамытуға бізге көп мүмкіншілік береді. Жастар, оқушылар спортпен шұғылданамын деген адамдарға мүмкіншілік болады.

Сонымен қатар, спорт алаңына жасыл жабынды төселеді. Құрылыс жұмыстарына барлығы 157 миллион теңге бөлінген. Спорт алаңы – жастармен қатар, зейнеткерлердің де спортқа деген қызығушылығын оятатыны сөзсіз.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ
11:29, 21 тамыз 2020
ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар