ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

СПОРТ СИТИ ЖОБАСЫ

11:46, 14 маусым 2019

Өңірімізде «Спорт-Сити» жобасын жүзеге асыру шеңберінде мұз айдынының құрылысы жүріп жатыр. Кешен тәулігіне 50 адамның спортпен шұғылдануын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жақыңда футбол және жеңіл атлетикалық манежі, олимпиадалық резерв даярлау орталығы қолданысқа беріледі.

Мердігер қазірдің өзіңде аренаның 80% құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтаған. Мұз аренасының ғимараты дайын. Нысанның жабдықтарын монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жас хоккейшілердің мұз үстінде ұзақ уақыт бойы сырғанауға мүмкіндіктері бар.

Ерлан Қожабеков, жоғары шеберлік спорт мектебінің директоры:

Бұл кешен соңғы заманауи технологиялармен жабдықталған. Кешен жылдам, әрі оңай салынып жатыр. Себебі жаңа заманауи жабдықтар бар.

Сонымен қатар, «Спорт-Сити» жобасы аясында 2020 жылы олимпиадалық резерв даярлау орталығы салынатын болады. Бұл күрес түрлерімен айналысатын палуандар санының артуына мүмкіндік береді.

Нұрлан Есембаев, туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

Жобаның бірегейлігі -  орталық шатырында шағын футбол алаңы орналасады.

ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Кольев Павлодарда жабық жеңіл атлетикалық кешенді 40 жыл армандаған. Бұл енді жоспарға енгізілді.

Виктор Кольев, жеңіл атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

Бұл үлкен іс болмақ. Мыңдаған балалар жеңіл атлетикаға бет бұрады. Бізге Өскеменде орналасқан кешеннен әлдеқайда жақсырақ кешен салып беруге уәде берген.

Футбол алаңын салу жобасының жалпы құны 1,5 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі уақытта мердігер іргетасын құю жұмыстарын бастап кетті. Футбол алаңының құрылуы тек «Ертіс» футбол клубының ойыншыларына ғана мүмкіндік емес, сонымен қатар жасөспірімдерге де қысқы уақытта жаттығуға мүмкіндік береді.

Ойрат Садуов, облыстық футбол федерациясының президенті:

Үлкен футбол алыңының салынуы біріншіден, жастардың футболға қызығушылығын арттырады. Екіншіден, қыс мезгілінде жаттығулар жасауға тиімді.  Мұндай қажеттіліктің туғанына көп уақыт болды.

Спорттық кешендерді салу жоспарына сәйкес «Спорт-Сити» аумағында мүгедектерге арналған жаттығу орталығы, сондай-ақ велодром, волейбол және баскетбол алаңдары салу жоспарланған.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...