ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

СПОРТ КЕШЕНДЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАЙДЫ

19:17, 30 тамыз 2020

31 тамыздан бастап елімізде жеке және топтық жаттығулар үшін спорт кешендерінің жұмысына рұқсат етіледі. 1 келушіге 5 шаршы метрге дейінгі аумақ қарастырылған. Бірқатар спорт түрлерінің өкілдері үшін бұл көптен күткен жаңалық. Себебі, олар осыған дейін 5 ай бойы жаттығуларды таза ауада өткізіпі жүрді.

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары, спорттық акробатика бойынша халықаралық турнирлердің жеңімпаздары ағайындылар Айсұлтан Сағынбек пен Назар Жантасов – жаттықтырушысы Петр Гмызунның жетекшілігімен Гагарин атындағы саябақта жаттығып келе жатқандарына бірнеше айдың жүзі болды. Себебі, әзірге спорт залдарының жұмысы шектеулі. Петр Гмызунның жұбайы Елена да жолдасы сияқты жаттықтырушы. Айтуынша, 12 наурыздан бастап барлық жаттығуларды онлайн өткізуге тура келді. Өкініштісі, халықаралық жарыстарда өнер көрсеткісі келетін спортшыларға коронавирустық инфекция бөгет жасады. Дегенмен, қуантарлығы таза ауада жаттығуға рұқсат берілді. Орын алған жағдайға байланысты жаттығудың басқа амалдарын қарастыруға тура келеді. Айта кетерлігі, далада залға арналған жаттығуларды жасауға толық мүмкіндік жоқ дейді Елена. Оның үстіне ауа райы да қолайлы болмайтын кезеңдер қиындық тудырады.

Елена Гмызун, спорттық акробатикадан жаттықтырушы:

Бастапқыда далада күн суық болды. Осының арқасында тыныс алу жүйесі мен шыдамдылықты күшейттік. Бірақ, 1-2 айдан кейін даладан да  жалықтық. Далада қол-аяғын байланып тұрған сияқты болады. Бәрібір залдағыдай жаттыға алмайсын.

Карина Чубченко – халықаралық дәржедегі спорт шебері, Азияның үшдүркін чемпионы, Әлем және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше рет чемпионы атанған. Вирустың салдарынан оның серіктесі Екібастұз қаласынан Жания Ырымтаеваның тұратын жері жоқ. Себебі. Оның жатақханасы карантин уақытында жабық. Карина ең бастысы осы қиын кезеңді бастан шыдамды кешіру керек дейді. 

Карина Чубченко, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

Әрине, далада жақсы. Бірақ, залда жаттыққанша не жетсін. Сайыстарға барғымыз келеді. Спорт додаларын сағындық.

Егер де барлығы ойдағыдай болса, онда акробаттар біртіндеп бұрынғы жұмыс режиміне келесі аптадан бастап орала бастайды.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Мурат АБИЛМАЖИТ

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ
11:29, 21 тамыз 2020
ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар