ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ШАХМАТ ПЕН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОНЛАЙН ТУРНИР

11:33, 21 мамыр 2020

Павлодарлық оқушылар арасында шахмат пен тоғызқұмалақтан онлайн турнир басталды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті. Негізгі мақсат аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп зияткерлік ойынды насихаттау және дәріптеу.

Турнир «Biz birgemiz» электронды клубында өтеді. Қатысушылардың жас ерекшелігі 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Сайыс 6 кезеңге жоспарланған. Шахматтан онлайн жарыс мамары айының 31-де аяқталады. Онлайн сайысқа аудан қалалардан 100-ден астам оқушы бақ сынауда.

Шәріп Қашкенов, №1 жасөспірімдер спорт мектебінің бөлім басшысы:

Сенбі, жексенбі өзіміз облыс бойынша шахматтан онлайн жарыс өтіп жатыр. Енді қандай балалар қатысады дегенде 12 жасқа дейін, 14 жасқа дейін и 18 жасқа дейін. Мына енді жарыс өзіміздің облыстық образования региональный центр арқылы өтіп жатыр.

Айта кету керек, марапаттау рәсімі де онлайн режимде жүргізіледі. Сонымен қатар, спорттық шеберлікті арттыру мақсатында 18-29 мамыр аралығында №1 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің базасында онлайн режимде өңірдегі мектеп пен колледж тәлімгерлері арасында тоғызқұмалақтан облыстық турнир өтті.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...