ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ПАВЛОДАРЛЫҚ ШАХМАТШЫ АМЕРИКАЛЫҚТЫ ЖЕҢДІ

11:29, 21 тамыз 2020

Павлодар қаласының тұрғыны Денис Махнев – шахматтан халықаралық командалық жарыста жеңіске жетті. 20 жастағы шахматшы америкалық қарсыласын тізе бүктірді. Турнир онлайн режимде виртуалды форматты өтті.

20 жастағы Денис Махнев шахматпен 6 жасынан бастап айналысады екен. Ол балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 10 жастан бастап жаттыға бастаған. Шәріп Қашкенов Денистің алғашқы жаттықтырушысы. Айтуынша, оның шахматқа деген ынтасы кішкентай кезінен мықты болған.

Шәріп Қашкенов, №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бөлім жетекшісі:

Ол уақытта ол 10 жастағы бала. Сол жылдан бастап, жыл сайын мемлекетімізді жарыстарда, чемпионаттарда таныстырып, бірінші орын алып отырды. Кішкентай кезінен 1 сағаттық дайындыққа қарамай ол 3 сағат дайындалып жүретін.

Бұл жолғы халықаралық турнир виртуалды форматта өтті. Денис Махнев соңғы кезеңде екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Қазақстандық шахматшылар виртуалды алаңда АҚШ, Польша, Румыния, Греция, Аргентина және Бразилия елдерінің спортшыларымен ойнады. Денис Махневтің бұл жеңісі – Қазақстан құрамасын халықаралық турнирде Румыниядан кейін екінші орынды иемденуге мүмкіндік берді.

Шәріп Қашкенов, №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бөлім жетекшісі:

Онлайн режимде өткенде төрешілер бейнеден қарап отырды. Біздің Қазақстан құрама командасы американдық командамен кездесті.

Бапкердің айтуынша, Денис әр байқауға тыңғылықты дайындалады. Шәріп Қашкенов, өте алғыр, зерек шахматшының әлемдік ареналарада әлі де ел үмітін ақтап, абыройын асқақтата түсетініне сенімді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар